ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімінің орынбасары қаланы көгалдандырудың...

Алматы әкімінің орынбасары қаланы көгалдандырудың жаңа тәсілдері туралы айтты

Алматы 25.09.2025, 12:07 448
Алматы әкімінің орынбасары қаланы көгалдандырудың жаңа тәсілдері туралы айтты
Алматы әкімдігі
Алматыда III Халықаралық Green Spaces Conference & Expo 2025 конференциясы мен көрмесі өтіп жатыр. Іс-шараға министрліктердің, әкімдіктердің, мәслихаттардың өкілдері, сондай-ақ, отандық және...

Алматыда III Халықаралық Green Spaces Conference & Expo 2025 конференциясы мен көрмесі өтіп жатыр. Іс-шараға министрліктердің, әкімдіктердің, мәслихаттардың өкілдері, сондай-ақ, отандық және шетелдік сарапшылардан құралған 2 мыңнан астам қатысушы жиналды.

Спикерлер арасында Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сәулетшілер, урбанистер және тәлімбақтардың басшылары бар.

Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, Алматы елдегі ең жасыл қалалардың бірі мәртебесін сақтап келеді.

«Жалпы 68 мың гектар аумақтың 25 мың гектардан астамын жасыл желек алып жатыр. Бір адамға шаққанда көгалдандыру деңгейі 13 шаршы метрден асады. Біз бұл көрсеткішті одан әрі арттыруға күш салып отырмыз», – деді ол.

Әкімнің орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру барысына да тоқталды.

«2030 жылға дейін Алматыда 2,5 млн жасыл екпе ағаш отырғызу жоспарланған. Әсіресе, 4-6 метрлік ірі ағаштарға басымдық беріледі. Олар тез жерсініп қана қоймай, қалаға бірден сән береді», – деді Сматлаев.

Оның айтуынша, биыл көктемде Алматыда 2 мыңнан астам осындай ағаш отырғызылған, ал күзде тағы 13 мың ағаш егу көзделіп отыр. Бұл көшеттердің барлығы Бас ботаникалық бақ пен Аграрлық университет мамандарының кеңесімен таңдалған.
 
2025 жылы қоғамдық кеңістіктерді жаңарту жоспары бекітіліп, онда сапалы түрде көгалдандыруға баса назар аударылған.

«Алматы әкімдігі енді санға емес, сапаға мән бермек. Шаһардың жасыл қорын сауықтыру бағытында ауқымды іс қолға алынады. Бұл іске баршаңызды жұмыла атсалысуға шақырамыз», – деді Алмасхан Сматлаев.

Халықаралық көрме 2 мың шаршы метр аумақта өтіп жатыр. Онда абаттандырудың, тәлімбақтардың және көгалдандырудың заманауи тәсілдері көрсетіліп, Қазақстан мен шетелден келген өкілдер бас қосты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.