AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімінің орынбасары қалалық жәрмеңкелер жел...

Алматы әкімінің орынбасары қалалық жәрмеңкелер желісін кеңейту және әлеуметтік павильондарды жаңғырту жұмыстарының дайындығын тексерді

Әлеумет 16.02.2026, 16:45 575
Алматы әкімінің орынбасары қалалық жәрмеңкелер желісін кеңейту және әлеуметтік павильондарды жаңғырту жұмыстарының дайындығын тексерді
Алматы әкімдігі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов Алатау, Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарына барып, жаңа коммуналдық жәрмеңкелер салуға белгіленген аумақтармен танысты.

Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңкеде ол инвесторлармен, сондай-ақ Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен «Алматы» ӘКК өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жәрмеңкелерді жаңғырту және жаңаларын салу жоспарлары талқыланды.

2026 жылы Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер санын 2,5 есеге арттырып, 1000-нан астам іс-шара ұйымдастыру көзделіп отыр. Сонымен қатар Түркістан, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстаннан келетін фермерлердің қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жоспарланған.

Жұмыс сапары барысында әкім орынбасары белгіленген бағамен өнім сатылатын әлеуметтік павильондарға ерекше назар аударды. Биыл оларды жаңғырту, сауда алаңдарын кеңейту және жаңа нысандар ашу арқылы қала тұрғындары үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыру жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңкелер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);