ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімінің орынбасары Наурызбай ауданындағы ә...

Алматы әкімінің орынбасары Наурызбай ауданындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын тексерді

Алматы 24.01.2026, 15:45 188
Алматы әкімінің орынбасары Наурызбай ауданындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын тексерді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Наурызбай ауданында негізгі әлеуметтік нысандар салынып жатыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматының Наурызбай ауданында негізгі әлеуметтік нысандар салынып жатыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов жұмыс сапары аясында қаладағы Наурызбай ауданында салынып және қайта жаңартылып жатқан бірқатар әлеуметтік нысанның құрылыс барысын тексерді.

Атап айтқанда, №7 Қалалық клиникалық аурухананы қайта жаңғырту жұмыстары қызған. Медициналық мекеме көрсетілетін қызмет көлемін қысқартпай, үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда жаңғыртылуға тиіс алты блоктың үшеуінде негізгі көтергіш құрылымдарды сейсмикалық тұрғыдан күшейту жұмыстары қолға алынған. Жоба аясында инженерлік коммуникациялар, қасбет және желдету жүйелері толық ауыстырылып, аурухананың пайдалы алаңы 2,5 мың шаршы метрге ұлғайтылады. Сондай-ақ, бөлімшелер функционалдық тұрғыдан қайта жоспарланып, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылады.

Жұмыс сапары барысында қала әкімінің орынбасары Шұғыла шағынауданында салынып жатқан бір ауысымда 500 адам қабылдайтын жаңа емхананың құрылыс алаңына да барды. Ересектер мен балаларға қызмет көрсетуге арналған медициналық нысан өткел галереялары арқылы жалғасқан үш қабатты төрт блоктан тұрады. Қазіргі уақытта іргетас құю және әр блоктың қабырғасын бетондау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары биыл шілде айында аяқталмақ.

Сондай-ақ, осы шағынауданда салынып жатқан екінші типтегі өрт сөндіру депосының құрылысына баса назар аударылды. Нысан шамамен 90 мың тұрғын мен 400-ге жуық нысанның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Қазіргі таңда шатыр мен қасбетті әрлеу, қызметтік тұрғын үйдің ішкі құрылыс және инженерлік жұмыстары жалғасып келеді. Әкімшілік ғимаратта жоғарғы қабатты салу мен ішкі бөлімдердің құрылысы жүріп жатыр. Гараж кешеніндегі жұмыстар да бекітілген кестеге сай орындалып отыр. Бүгінде орындалған жұмыстардың жалпы көлемі 35 пайыз. Құрылысты осы жылдың тамыз айына аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар жұмыс сапары барысында Шұғыла шағынауданында салынып жатқан 340 орындық жатақханасы бар мектептің құрылысы да тексерілді. Нысанның жалпы дайындығы 92 пайыз болғанымен, бекітілген кестеден үш айдан астам уақытқа кешігу байқалады. Қала әкімінің орынбасары мердігер ұйымға қосымша жұмыс күшін тарту, аумақты көріктендіру жұмыстарын жеделдету және технологиялық жабдықтарды жеткізуді тездету жөнінде тапсырма берді.

Бейбіт Шаханов барлық әлеуметтік нысан белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқталуға тиіс екенін атады. Өйткені бұл нысандар қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.