AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев қалад...

Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев қаладағы негізгі нысандарды тексерді

Барлығы 19.09.2025, 16:16 457
Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев қаладағы негізгі нысандарды тексерді
сурет: Алматы әкімдігі

Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев күн сайын таңғы сағат 5:00-те жұмыс сапарын нысандарды аралаудан бастайды. Мұндай кесте жобалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, туындаған мәселелер бойынша жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Ең әуелі ол қала аумағында ұзындығы 23 шақырым болатын Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының күрделі жөндеуімен танысты. Құрылыс 2026 жылы қазан айында аяқталмақ. Алмасхан Сматлаев бұл жобаның қала үшін стратегиялық маңызы зор екенін атады, себебі канал су ресурстарын сақтауды және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
 
Одан кейін ұзындығы 2 шақырым болатын Боралдай өзенінің арнасын қайта жаңғырту және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстарын көрді. Бұл іс 2026 жылы тамызда бітеді деп жоспарланған. Әкімнің орынбасары құрылыс қарқынын жеделдетіп, жұмыс сапасын қадағалау қажеттігін айтты. Бұл шара тұрғын үйлерді су басудан қорғауға бағытталған.

Сапар соңында Сматлаев «Құрылысшы» және «Өжет» шағынаудандарында салынып жатқан бес кәріздік-сорғы станциясын көріп шықты. Бұл нысандар 10 мыңнан астам тұрғынды қамтуға есептелген. Жоспар бойынша жоба 2025 жылы желтоқсанда аяқталуға тиіс. Бүгінде бес станцияның төртеуі жоғары дайындық сатысында тұр. Әкімнің орынбасары мердігерге сапаны бақылауды күшейтіп, құрылысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкімдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);