ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі Түрксіб ауданында экологиялық жобалар...

Алматы әкімі Түрксіб ауданында экологиялық жобаларды жедел іске асыруды тапсырды

Алматы 02.07.2025, 17:42 554
Алматы әкімі Түрксіб ауданында экологиялық жобаларды жедел іске асыруды тапсырды
Алматы әкімдігі
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданына жұмыс сапарымен барып, экологиялық жағдайды жақсартуға және қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалардың жүзеге асыру барысымен...

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданына жұмыс сапарымен барып, экологиялық жағдайды жақсартуға және қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалардың жүзеге асыру барысымен танысты.

Сапар кезінде бірінші нысан Алтынкөл көлі болды. Мұнда жақында №18 және №19 тоғандарды механикалық тазалау жұмыстары басталады. Жұмыстар 26 мың шаршы метрден астам аумақты қамтиды. Көлдің айналасы лайдан, қамыс және қоқыстан тазартылады. Бұл су қоймасының экологиялық жағдайын қалпына келтіруге және оның демалыс әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан соң қала басшысы Рысқұлов даңғылынан Әуежай көліне дейінгі аралықтағы Кіші Алматы өзенін қайта жаңарту жобасымен танысты. Жағалау аумағын кешенді абаттандыру, көпірлер салу, жағалауларды нығайту және өзен бойында заманауи саябақ аймағын құру жоспарланған. Дизайн биыл жыл соңына дейін аяқталады. 

Жобалау кезінде жайлы қалалық ортаны табиғи тепе-теңдікпен үйлестіруге бағытталған заманауи қала құрылысы тәсілдері қолданылып жатыр. Аумақта биологиялық әртүрлілік жоғары, яғни көптеген құс, жәндік түрлері және өсімдіктер кездеседі. Жоба аясында оларды сақтау шаралары қарастырылған.

Бұдан өзге, Әуежай  көлін механикалық тазарту және су деңгейі мен су алмасуды ретке келтіру үшін шандор құрылғыларын қалпына келтіру жұмыстары жоспарлануы тиіс деген тапсырма берілді.

Сондай-ақ, қала әкімі Нұршашқан шағынауданындағы аумақты аралады. Қала құрылысы құжаттамасына сәйкес, бұл аумақты көгалдандырылған демалыс аймағына айналдыру жоспарланған.

Жобаны жүзеге асыру 15 тұрғын үйге қатынайтын жолды қамтамасыз етіп, жақын маңдағы тұрғын үйлердің 7 мыңнан астам тұрғыны үшін жасыл аймақтарға қолжетімділікті арттырады.

Сапар қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды су айдындарын тазарту, жағалау аумақтарын абаттандыру, жаңа қоғамдық кеңістіктер құру жөніндегі жергілікті бастамалар бірыңғай экологиялық және қала құрылысы саясатының бөлігі ретінде іске асырылуы тиіс екенін атап өтті. Қала тұрғындарының игілігіне негізделген орнықты, жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастыруға басымдық беріледі. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.