ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі тұрғындардың көріктендіру және құрылы...

Алматы әкімі тұрғындардың көріктендіру және құрылыс мәселесіне қатысты өтінішін қарады

Әлеумет 18.10.2025, 10:39 372
Алматы әкімі тұрғындардың көріктендіру және құрылыс мәселесіне қатысты өтінішін қарады
Алматы әкімдігі
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында «Lamiya» тұрғын үй кешені мен және «Көктем» шағынауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында «Lamiya» тұрғын үй кешені мен және «Көктем» шағынауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қала тұрғындарын алаңдатқан инженерлік желілердің жағдайы, аумақты абаттандыру және жасыл желектерді сақтау жайы талқыланды.

«Lamiya» тұрғын үй кешені тұрғындарымен кездесу кезінде электр қуатымен үздіксіз қамту және инженерлік желілерді қаланың иелігіне беру мәселесі қозғалды. Жүздесу барысында Дархан Сатыбалды энергетика мен сумен жабдықтау басқармаларына, қала құрылысы бақылауы қызметіне МИБ өкілдері мен құрылыс компаниясымен бірлесіп қосымша трансформаторлық қосалқы станция мен резервтік кабель салу мәселесін пысықтап, кейін оны қаланың меншігіне өткізуді тапсырды.

Сонымен қатар, коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасына бұрынғы басқарушы компанияның қызметін құзыреті шегінде тексеру міндеттелді.

«Көктем» шағынауданының тұрғындары бос жатқан жерлер құрылысқа беріліп кете ме деп алаңдап отыр. Әкімнің тапсырмасымен жерді өз бетімен иемдену фактілері бойынша қосымша тексеру жүргізіледі.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, жасыл аймақтарды сақтау мен қоғамдық кеңістіктер құру – қала саясатының басты басымдықтарының бірі.

«Барлық шешім бас жоспарға сай, ашық түрде және тұрғындардың пікірін ескере отырып қабылдануы қажет. Егер белгілі бір аумақ жасыл аймаққа жатса, онда ол жерде ешқандай құрылыс салынбайды, ағаш та кесілмейді. Біз ағаштардың оталуына жол бермейміз. Аумақты дамыту мен табиғатты сақтаудың арасынан тепе-теңдік табу – біздің басты мақсатымыз», – деді қала әкімі.

Тұрғындардың өтініші бақылауға алынып, белгіленген тәртіппен қаралады. Алматы әкімі алматылықтармен тұрақты кездесіп, олардың ұсыныс-пікірін жеке тыңдайды. Әрбір мәселе ерекше назарда және тиісті басқармалармен бірлесіп шешімін табады. 

Бұған дейін «Алтын Сити» тұрғын үй кешені тұрғындарының өтінішімен қала әкімі Дархан Сатыбалды тұрақты жылумен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Тұрғындар қыс мезгілінде жылудың жиі өшетінін айтып, үйдің ысымайтынына шағымданған. Тексеру нәтижесінде автономды қазандықтың жұмысы толықтай реттеліп, жаңа жабдықтар орнатылды. Қазандықтар мен сорғылар ауыстырылып, жаңа қазандықтың құрылысы басталды. Тұрғындар санының өсуін ескеріліп салынатын нысан алдағы жылдары бүкіл аумақты жылумен қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.