AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі «Тамарикс» тұрғын үй кешенінің тұрғын...

Алматы әкімі «Тамарикс» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті

Барлығы 27.08.2025, 17:18 829
Алматы әкімі «Тамарикс» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті
Алматы әкімдігі

Кеше Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы «Тамарикс» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен жүздесті. Тұрғындар қазандықтың жұмысы, аумақты жарықтандыру және басқарушы компанияның қызметіне қатысты мәселелерді көтерді. Бұл тақырыптар бұған дейін де азаматтарды жеке қабылдау кезінде қозғалған болатын.

Жылумен қамтамасыз ету мәселесі биылғы қыркүйек айының соңына дейін шешіледі. Қаланың Құрылыс басқармасының мердігер ұйымы «АТКЭ» ЖШС-мен және құрылыс компаниясымен бірлесе отырып, қолданыстағы қазандықты қосымша жабдықтау жұмыстарын бастады.

Тұрғын үй кешені аумағын жарықтандыру бойынша да оң шешім қабылданды. Сондай-ақ тұрғындар балаларға арнап футбол алаңын салуды ұсынды. Қала әкімі бұл жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Кездесу барысында басқарушы компанияның жұмысына байланысты шағымдар да түсті. Барлық өтініш заң аясында тіркеліп, қаралады. 15 қыркүйектен бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, тұрғындарда басқарушы компаниялардың қызметін бақылауға қосымша мүмкіндіктер пайда болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түрксіб #тамарикс #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);