конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырт...

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды

Барлығы 14.07.2025, 14:57 722
Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті жұмыс сапары аясында кәріздік тазарту құрылыстарын (КТҚ) және «Сорбұлақ» шайынды сулар жинағышын аралап көріп, нысандардың қазіргі жай-күйімен және оларды жаңарту мен тазарту жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралармен танысты.

Алғашқы нүкте Іле ауданындағы Жәпек Батыр ауылында орналасқан аэрация станциясы болды. Мұнда Алматы мен қала маңындағы елді мекендерден келетін шайынды сулар механикалықтан бастап биологиялыққа дейінгі көп сатылы тазартудан өтеді. Нысан 1992 жылы салынған және бүгінгі күні қалалық инфрақұрылымның маңызды буыны болып саналады. Жобалық қуаты тәулігіне 640 мың текше метр, қазіргі жүктеме шамамен 450 мың текше метр.

Сапар барысында қала әкімі тазарту қуаттарын жаңғырту қарқыны қала құрылысы мен өнеркәсіптің дамуына сай болуы тиіс екенін атап өтті.

«Шайынды суларды тазарту сапасы қаланың экологиялық қауіпсіздігіне және тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Мұнда тек қолданыстағы қуаттарды ұстап тұру ғана емес, тазарту стандарттарын көтеру де маңызды», — деді Дархан Сатыбалды.

Тазартудан өткен су 1973 жылдан бері шайынды суларды жинап, сақтауға арналған өңірдегі ең ірі инфрақұрылым нысаны «Сорбұлақ» жинағышына құйылады. Су айдынының ауданы 58 шаршы шақырым, тереңдігі 25 метрге дейін жетеді.

«Сорбұлақтың» жағдайын бақылау аясында нысанда инженерлік-гидрологиялық зерттеулер жүргізілуде. Бекітілген технологиялық регламент пен пайдалану ережелеріне сәйкес «Алматы Су» МКК мамандары күн сайын су деңгейін өлшеп, тұрақты экологиялық және химиялық бақылау жүргізеді. Сондай-ақ, нысанда су деңгейін реттейтін және су тасқыны қаупінің алдын алатын бөгеттер, су бөлгіш және гидротехникалық құрылыстар бар.

Сапар қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды тазарту құрылыстарын жаңғырту және жинағышты сенімді пайдалану бойынша жобалық шешімдерді бақылауға алуды тапсырды. Әсіресе, тазарту сапасына, сүзу деңгейіне және халық санының артуы мен қалалық агломерацияның кеңеюі жағдайында жүктеменің өсуіне дайындыққа ерекше назар аударуды міндеттеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #аралау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);