ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі Солтүстік айналма жол бойындағы базар...

Алматы әкімі Солтүстік айналма жол бойындағы базарларда өрт қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Алматы 24.07.2025, 09:56 406
Алматы әкімі Солтүстік айналма жол бойындағы базарларда өрт қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды
Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жетісу ауданында бірқатар өзекті мәселе талқыланған жұмыс жиынын өткізді. Кеңеске аудан әкімдігі, салалық басқармалар, коммуналдық қызметтер мен тиісті мекемелердің...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жетісу ауданында бірқатар өзекті мәселе талқыланған жұмыс жиынын өткізді. Кеңеске аудан әкімдігі, салалық басқармалар, коммуналдық қызметтер мен тиісті мекемелердің өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі Солтүстік айналма жол бойындағы рұқсатсыз сауда орындары болды. Атап айтқанда, осы жол мен Жұмабаев көшесінің бойынан бейберекет сауда нүктелері көптеп анықталған. Аудандық полиция өкілдерінің мәліметінше, биыл жыл басынан бері осы факті бойынша 756 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 4 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл бағыттағы рейдтік шаралар жалғасып келеді.

Жиын барысында базар аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі де жеке қаралды. 2022 жылдың қарашасынан бері бұл аумақта бірнеше өрт оқиғасы тіркелген. Оған электр сымдарының қысқа тұйықталуы, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болмауы және қасақана өрт қою себеп болған. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері нысан иелеріне ескерту үнемі табысталатынын, ал заңбұзушылықтар бойынша материалдар сотқа жолданатынын хабарлады.

«Егер жағдай өзгермей, нәтиже шықпаса, онда бұдан да қатаң шаралар қабылдануға тиіс», – деді Алматы әкімі ТЖД өкілдеріне қарата сөйлеген сөзінде.

Кеңесте инженерлік желілердің құрылысы, оларды коммуналдық меншікке өткізу, жол жөндеу жұмыстары, сондай-ақ «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың сапасы сөз болды. Сонымен қатар, Жетісу ауданындағы денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің жай-күйі талқыланды.

Қала басшысы басталған барлық жұмыстың дер кезінде аяқталуы қажеттігін қатаң ескертті.

«Ең бастысы, жарық, су, газ секілді әр адам күнделікті тұтынатын негізгі қажеттіліктерден ешкім тапшылық көрмеуі керек. Сондықтан бірде-бір жоба созылып кетпеуге тиіс. Егер бір істі қолға алсаңыздар, соңына дейін жеткізіңіздер. Барлық жоба 1 қыркүйекке дейін аяқталуы қажет», – деді Дархан Сатыбалды.

Алматы әкімі жиын аясында Жетісу ауданының тұрғындарын қабылдап, оларды толғандырған түйткілдерді тыңдады. Атап айтқанда, тұрғын үй қорын жаңғырту, жер теліміне және Уссурийская көшесіндегі жеке секторды орталық кәріз жүйесіне қосу жайы талқыланды. Әрбір өтініш бойынша нақты жауап беріліп, шешу жолдары мен орындалу мерзімі белгіленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.