ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Алматы әкімі Шанхайдағы халықаралық импорттық көрм...

Алматы әкімі Шанхайдағы халықаралық импорттық көрмеге қатысты

Әлем 09.11.2025, 12:15 316
Алматы әкімі Шанхайдағы халықаралық импорттық көрмеге қатысты
Алматы әкімдігі
Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Шанхайда өтіп жатқан халықаралық импорттық көрмеге (China International Import Expo, CIIE) барды, деп...

Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Шанхайда өтіп жатқан халықаралық импорттық көрмеге (China International Import Expo, CIIE) барды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 Бұл іс-шара жыл сайын әлемнің жетекші компанияларын біріктіретін және сауданы, инвестицияны әрі технологиялық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін аса ірі халықаралық алаңдардың бірі саналады.

Қала басшысы алматылық павильонның жұмысымен танысты. Мұнда мегаполистің экспорттық және инвестициялық әлеуетін таныстырған 12 компания өнімдері мен жобаларын ұсынды. Алматылық кәсіпорындар инновация, технология, туризм, тамақ өнеркәсібі және креативті индустрия бағытындағы жобаларын көрсетті.

Дархан Сатыбалды Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Алматының инвестиция мен жоғары технология орталығы ретіндегі брендін ілгерілетуге бұл көрменің маңызы зор екенін атап өтті.

«Алматы — Қазақстанның ең ірі экономикалық орталығы ғана емес, сонымен қатар халықаралық іскерлік байланыстың маңызды алаңы. CIIE сияқты шаралар қаланың әлеуетін таныстыруға және әртүрлі елдерден келген серіктестермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді», — деді әкім.

China International Import Expo — Қытай Үкіметінің халықаралық сауда мен инвестицияны ынталандыруға бағытталған басты бастамаларының бірі. Көрме жаңа технологиялық шешімдерді ұсынуға, тәжірибе алмасуға және іскерлік келісімдер жасауға арналған әмбебап платформа ретінде қызмет етеді.

Алматы мен қазақстандық компаниялардың CIIE алаңына қатысуы Қытай аймақтарымен және инвесторларымен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени-экономикалық байланысты дамытуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.