ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі санитарлық тазалық пен көгалдандыруға...

Алматы әкімі санитарлық тазалық пен көгалдандыруға бақылауды күшейтуді тапсырды

Алматы 12.09.2025, 13:18 408
Алматы әкімі санитарлық тазалық пен көгалдандыруға бақылауды күшейтуді тапсырды
Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы, қаланың санитарлық жағдайы, абаттандыру және экологиялық іс-шаралар бойынша кеңес өткізді. Жиында экология және қоршаған...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы, қаланың санитарлық жағдайы, абаттандыру және экологиялық іс-шаралар бойынша кеңес өткізді. Жиында экология және қоршаған орта басқармасы, аудан әкімдері мен тиісті қызмет басшыларының есептері тыңдалды.

Алмалы ауданында күнделікті көше тазалығына жұмысшылар мен арнайы техника жұмылдырылуда. Мердігер ұйымдар 400-ден астам аулаға қарайды. Саябақ пен аллеялар тазартылып, контейнер алаңдары жөнделіп, сырланып жатыр. Буферлік аймақтарға 67 мыңнан астам бұта отырғызылып, автосуару жүйесі іске қосылған.

Жетісу ауданында 269 көше мен 300-ден астам аула тазалық және абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір Есентай өзенінің жағалауы жөнделіп, инженерлік желілер жаңартылуда. Ғимарат қасбеттеріне жарық қойылып, жүргіншілер өткелдеріндегі көтергіштер ауыстырылып жатыр. Аудан әкімдігі рұқсатсыз саудаға және тәртіп бұзушылыққа да бақылау күшейткен. 

Қала аудандарында тұрғындар, жастар, еріктілер мен кәсіпкерлер бірге шығып сенбілік өткізуде. Соның нәтижесінде ондаған тонна қоқыс шығарылып, көшелер көгалдандырылып жатыр.

TazaQazBot қосымшасы арқылы алматылықтар тазалық, қоқыс шығару, жол жөндеу, көгалдандыру мәселелері жөнінде хабарлап келеді. Қыркүйектің өзінде 400-ден аса, ал жыл басынан бері 6,5 мыңнан көп өтініш түскен.

Әкім Дархан Сатыбалды аудандарға көше мен ауланың тазалығын күшейтуді, тұрғындармен бірге сенбілікті тұрақты өткізіп тұруды тапсырды. Сондай-ақ өтініштерге жедел жауап беруді, абаттандыру жұмысын уақытында бітіруді, автосуару жүйесін жолға қоюды, ағаш отырғызуды бақылау және заңсыз сауданы тоқтатуды міндеттеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,983 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.