ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі Райымбек батыр мемориалдық кешенін қа...

Алматы әкімі Райымбек батыр мемориалдық кешенін қайта құру барысын тексерді

Алматы 13.09.2025, 16:54 583
Алматы әкімі Райымбек батыр мемориалдық кешенін қайта құру барысын тексерді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен «Райымбек батыр кесенесі» мемориалдық кешенінің құрылыс алаңына барды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен «Райымбек батыр кесенесі» мемориалдық кешенінің құрылыс алаңына барды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

Жоба тарихи мұраны сақтауға және Қазақстанның көрнекті қолбасшысына арналған заманауи музей кеңістігін жаңартуға арналған.

Қала басшысы құрылыс-монтаж жұмыстарын қарап, аумақты абаттандыру жоспарларымен танысты. Кешенде батырлар мұражайы, бұлақ көзі, зиярат етуге келгендерге арналған үй-жайлар, әкімшілік ғимараты және құрбандық шалу орындары болады. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды музей ретінде көпшілікке ұсыну үшін ғылыми тұжырымдама әзірленді, экспонаттар қорын қалыптастыру, оның ішінде XVIII ғасырдағы жауынгерлік жабдықтарды қайта құру жүргізілуде.

Дархан Сатыбалды жобаның барлық кезеңдерін сапалы әрі жедел орындаудың маңыздылығын атап өтті.

«Жыл соңына дейін музей ғимаратының құрылысын және негізгі абаттандыру жұмыстарын аяқтау қажет. Материалдар сапалы, ал жұмыс уақытында орындалуға тиіс. Келесі жылдың қаңтарынан бастап экспозицияны құруды бастаған жөн. 2026 жылдың мамыр айында келушілер үшін мұражайды ашу керек», - деді әкім.

Райымбек батыр кесенесі жалпыұлттық маңызы бар  нысан және Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енгізілген. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған соң кешенді музейге айналдырып, батырдың өмірі мен ерлігі туралы баяндайтын заманауи экспозиция жасау жоспарланып отыр.

Анықтама
Райымбек батыр кесенесі 2017 жылы Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беріліп, 2018 жылы «Алматы қаласының мұражайлар бірлестігі» жедел басқармасының қарауына өткен еді. Жоба басталған сәттен бастап іздестіру, жобалау-сметалық құжаттаманы түзету және  байқау өткізу рәсімдері жүргізілді. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталды. Жұмыстарды аяқтау және музейдің ашылуы 2026 жылдың мамырына жоспарланған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,983 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.