AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі Қытайдың iFLYTEK компаниясының ТМД бо...

Алматы әкімі Қытайдың iFLYTEK компаниясының ТМД бойынша бас директорымен кездесті

Барлығы 23.10.2025, 11:00 486
Алматы әкімі Қытайдың iFLYTEK компаниясының ТМД бойынша бас директорымен кездесті
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жасанды интеллект саласындағы жетекші қытайлық iFLYTEK компаниясының ТМД елдеріне арналған бас директоры Хан Минцзэ мырзамен кездесті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Кездесу барысында компания өкілдері білім саласына арналған технологиялық шешімдерін таныстырды. Атап айтқанда, «мұғалім – машина – оқушы» қағидаты бойынша жұмыс істейтін виртуалды көмекшісі бар интерактивті тақталар мен планшеттер ұсынылды. Мұндай цифрлық шешімдер оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін күшейтуге бағытталған.

Дархан Сатыбалды бұл бағытты дамытуға қызығушылық білдіріп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» жолдауында жүктеген тапсырмалар аясында білім беру жүйесін жаңғырту, адами капиталды дамыту және білікті кадрлар даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол мектепке дейінгі тәрбие мен жалпы білім беруден бастап жоғары оқу орындары мен ғылымға дейін барлық деңгейде білім сапасы мен қолжетімділігін арттыру басымдық екенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Алматы әкімі iFLYTEK компаниясының тәжірибесін жан-жақты зерделеуді және ұсынылған шешімдерді отандық білім беру стандарттарына бейімдеу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әкімі #қытай компаниясы #директормен кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);