AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматы әкімі ҚР-дағы Бас және Құрметті консулдарме...

Алматы әкімі ҚР-дағы Бас және Құрметті консулдармен кездесті

Экономика 16.05.2024, 13:17 846 Bakyt
Алматы әкімі ҚР-дағы Бас және Құрметті консулдармен кездесті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Қала басшысы Алматы – Қазақстанның мәдени, ғылыми, іскерлік және қаржы орталығы, оның үлесіне экономиканың бестен бір бөлігі (2023 жылы 20,6%) және ҚР бюджетінің барлық кірістерінің төрттен бірінен астамы (2023 жылы 26,2%) тиесілі екенін атап өтті, сондай-ақ кездесуге қатысушыларды іскерлік әріптестікті кеңейту мәселелерінде жан-жақты өзара іс-қимылға шақырды.

Қала «Алматының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» аясында ауқымды, инфрақұрылымдық және экологиялық жобаларды іске асыруда инвесторлармен ынтымақтастық үшін ашық.

Инвестициялар үшін перспективалы бағыттарды атап өтіп, Ерболат Досаев жүрдек қоғамдық көлік жүйесін құру және ірі инновациялық өндірістер дамыған Алматыдағы Индустриалды аймақтың аумағын 40% - ға кеңейту жоспарлары туралы айтып берді (бүгінде ИАА-ның жалпы ауданы 490 га құрайды). Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін экономиканың басым салаларында (өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT және креативті индустриялар) еңбек өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құруға баса назар аударылатын болады. «Смарт Ситиді» құру контексінде ауа сапасын жақсарту және қаладағы ластану деңгейін төмендету жөніндегі «жасыл» жобалар мен бастамаларды, цифрлық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру объектілерін салу мен заманауи жабдықтармен жарақтандыруға ерекше назар аударылатын болады.

Инвесторларды қолдау үшін ағымдағы жылдың маусым айында «Almaty Business Development Center» қалалық фронт-офисі ашылады, онда консультациялық қызметтер «бір терезе» (One-Stop Shop) қағидаты бойынша ұсынылады. Бұдан басқа, Алматыда тұрақты даму стандарттарына сай келетін инфрақұрылымдық және экологиялық жобаларды қаржыландыру үшін жасыл облигациялар шығарудың ерекше мүмкіндігі бар.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі басшысының м.а. Исламбек Раимов, ҚХР, Иран, Түркия, Францияның Бас консулдары, «Құрметті консулдар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Денис Ван ден Вейх, сондай-ақ Нидерланды, Словения, Чехия, Швецияның Құрметті консулдары құттықтау сөз сөйледі.

Кеңеске қатысушылар Алматының соңғы жылдардағы экономикалық даму қарқынының серпінділігін және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтудегі жоғары әлеуетін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимыл жасауға және достық қарым-қатынастарды дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ерболат Досаев #инвестор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);