AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі "Қалқаман" метро бекетінің құрылыс ба...

Алматы әкімі "Қалқаман" метро бекетінің құрылыс барысын тексерді

Барлығы 03.12.2025, 09:45 505 Сұлу
Алматы әкімі "Қалқаман" метро бекетінің құрылыс барысын тексерді
Алматы әкімдігі

Алматыда метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезеңіндегі үшінші іске қосу кешенінің құрылысы жалғасып жатыр. Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында "Қалқаман" метро бекеті мен оған жалғасатын тоннельдердегі жұмыс барысымен танысты.

Сол жақ аралық тоннельде "Б. Момышұлы" бекетінен салынып жатқан "Қалқаман" бекетіне дейінгі аралықта рельстер төсеу толық аяқталды. Тоннель ішінде электрмен жабдықтау кабельдері, су құбыры және дренаж жүйесі тартылды, инженерлік жабдыққа арналған кронштейндер орнатылды. Ендігі кезеңде бейнебақылау, дыбыстық хабарлау, өрт және қауіпсіздік дабыл беру жүйелерін орнату жоспарланған. Сонымен қатар оң жақ перегондық тоннельді қазу жұмыстары жалғасып келеді: жалпы ұзындығы 1 593 метрдің 1 285 метрі жүргізілді, 308 метрі қалды.

Станцияның өзінде монолиттік құрылымдар аяқталуға жақын, кері топырақ толтыру жүргізіліп жатыр. Ішкі кеңістікте әрлеу жұмыстары, инженерлік коммуникациялар тарту және жабдықты монтаждауға дайындық жүріп жатыр. Барлық өндірістік операциялар тәулік бойы атқарылады. Жалпы нысанда 478-ден астам маман еңбек етуде: оның 149-ы жерасты жұмыстарында, 329-ы – ашық алаңдарда.

Дархан Сатыбалды бекітілген мерзімді қатаң сақтаудың және жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Әкімнің айтуынша, "Қалқаман" метро бекетінің құрылысы Алматының көлік жүйесі үшін стратегиялық мәнге ие және метроның батыс бағыттардағы қолжетімділігін айтарлықтай арттырады.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың бірінші жартысының аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #қалқаман #метро
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);