ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі қаланы сумен қамтамасыз етуге арналға...

Алматы әкімі қаланы сумен қамтамасыз етуге арналған ірі жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді

Алматы 30.06.2025, 10:32 681
Алматы әкімі қаланы сумен қамтамасыз етуге арналған ірі жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді
Алматы әкімдігі
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің сумен жабдықтау жүйесін дамыту және жаңғыртуға бағытталған инженерлік инфрақұрылымның маңызды нысандарын аралады.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің сумен жабдықтау жүйесін дамыту және жаңғыртуға бағытталған инженерлік инфрақұрылымның маңызды нысандарын аралады.

Жұмыс сапары барысында қала басшысы салынып жатқан бірқатар құрылыс  нысандарында болды, олар негізгі су тазарту құрылғылары, Ақсай өзеніндегі су қоймасы, Нұрлытау шағын   ауданындағы су жинақтау кешені, сондай-ақ Нұр Алатау шағын ауданындағы резервтік гидротехникалық құрылғы.

Алғашқы нысан 1948 жылы салынған, кейін 2015 жылы соңғы рет реконструкцияланған Басты  су тазарту құрылғылары болды. Бүгінде бұл нысан Алматы халқының шамамен 20%-ын, оның ішінде Бостандық ауданы мен Алмалы, Медеу және Әуезов аудандарының кей бөліктерін сумен қамтамасыз етіп отыр. Әкімнің айтуынша, мұндай станциялардың тұрақты жұмысы қала тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Келесі нысан – Наурызбай ауданының Таужолы шағынауданындағы су тарту станциясының құрылысы. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың қарашасында аяқталады деп жоспарланған. Жоба Наурызбай және ішінара Қарасай аудандарының 100 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Су – өмірдің көзі! Сондықтан мұндай жобалар уақытында аяқталып, барлық стандарттарға сай болуы керек», – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

Нұрлытау шағынауданында су дайындау кешені мен су қысымын арттыруға арналған сорғы станциясының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба Нұр Алатау, Ерменсай, Ремизовка, Ақтөбе және басқа да шағынаудандардың 45 мыңнан астам тұрғынын сумен қамтуды жақсартуға бағытталған. Әкім жұмыс қарқынын күшейтіп, нысанды 2026 жылдың жаз маусымының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

«Сумен қамтамасыз ету – ерекше бақылауда. Қала өсіп келеді, сондықтан Алматының ауқымына сай қосымша қуат көздері қажет», – деді әкім.

Жұмыс сапарының соңында қала басшысы Нұр Алатау шағынауданында салынып жатқан резервтік  гидротехникалық нысанда болды. Бұл жоба қаланың сумен жабдықтау жүйесінің шарықтау кезеңдеріндегі тұрақтылығын арттырып, бүкіл инфрақұрылымның сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.