ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі қала ардагерлерімен кездесті

Алматы әкімі қала ардагерлерімен кездесті

Әлеумет 26.04.2022, 13:05 1,071
Алматы әкімі қала ардагерлерімен кездесті
Сурет: Almaty-akshamy
Әкім ардагерлерді мерекемен құттықтайтынын айтты.

Әкім ардагерлерді мерекемен құттықтайтынын айтты.


Алматы әкімі Ерболат Досаев Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мен ардагерлер қозғалысының 35 жылдығын мерекелеу қарсаңында Алматы қалалық  ардагерлер кеңесінің салтанатты пленумына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Кездесуде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, ауған соғысына қатысушылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және т.б. болды.



Өзінің сөзінде Ерболат Досаев Жеңіс күнінің біздің халқымыз үшін ерекше тарихи маңызы бар екенін атап өтті. Соғыс жылдары майданға 1,3 млн қазақстандық шақырылды. Қазақстанның 100 мыңнан астам жауынгері жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталды, ал 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Алматы әкімі қалада Ұлы Отан соғысының әрбір ардагерін мерекемен құттықтайтынын атап өтті. 



«Өзім және менің орынбасарларым, аудан әкімдері және мәслихат депутаттары Ұлы Жеңіс күні қарсаңында әрбір ардагер мен соғыс ардагерін жеке келіп, құттықтайтын боламыз. 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақтағы мерекелік іс-шараларға қатысып, Мәңгілік алау жанында батырларды еске алуға ниет білдірген ардагерлер үшін арнайы трансферт ұйымдастырылады», - деді Ерболат Досаев. 



Ағымдағы жылы қала мәслихаты Алматы әкімінің ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне төлемдерді екі есе – 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ұлғайту жөніндегі ұсынысын қолдады. Оларға теңестірілген тұлғалар 100 мың теңгеден алады, соғысқа қатысушылардың отбасылары мен жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне 50 мың теңгеден төленеді. Барлығы 15 мыңнан астам адам мемлекеттің қаржылық қолдауына ие болады, осы мақсаттарға бюджетте 1,1 млрд теңге қарастырылған.



Ерболат Досаев қарт адамдардың бос уақытын ұйымдастыру және оларға қолдау көрсету жөніндегі кешенді шаралар туралы да айтып берді. Қалада 200 мыңнан астам адамға тегін әлеуметтік қызмет көрсететін тоғыз белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Келесі жылы тағы бір белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашу жоспарлануда. 


Кездесу барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов Алматы қаласында ардагерлер қозғалысының белсенді дамығанын айтты. Қазіргі кезде Панфилов дивизиясы, әскери-әуе күштері, ӘШҚҚ әскерлері ардагерлерінің, Ленинград блокадалары мен фашизм тұтқындарының Кеңестері жұмыс істейді. Ардагерлер ұйымдарының мүшелері жауынгерлердің жерленген жерлерді күтіп баптайды, түрлі патриоттық акциялар өткізеді және жас ұрпақты тәрбиелеуге, оның ішінде «Шыңға өрлеу» жобасы аясында үлес қосуда. Жоба аз қамтылған отбасы балаларының тәлімгерлігіне аға буын өкілдерін кеңінен тартуда. 


Пленум барысында Алматы қалалық және Алмалы аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Хамит Біржанов, Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы Досмұхаммед Қішібеков, Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Оразалин, Бостандық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асен Беспаева сөз сөйледі. Қатысушылар ардагерлер ұйымдарының қоғамдық қызметі туралы әңгімеледі, қаланы дамыту бойынша ұсыныстарын айтты, сондай-ақ өткен жылдардағы жылы естеліктерімен бөлісті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,330 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.