AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі Пушкин көшесінің бойындағы аумақты кө...

Алматы әкімі Пушкин көшесінің бойындағы аумақты көріктендіру барысымен танысты

Барлығы 27.11.2025, 14:47 465 yakiya
Алматы әкімі Пушкин көшесінің бойындағы аумақты көріктендіру барысымен танысты
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Райымбек батыр даңғылынан Гоголь көшесіне дейінгі Пушкин көшесінің бойындағы көлік жолы маңындағы аумақты қайта жаңарту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жоба қаланың орталық бөлігін кешенді көріктендіру бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр және жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

Қалалық қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, қайта жаңғырту 6,5 гектар аумақты қамтиды және жүргінші мен көлік инфрақұрылымын кешенді жаңартуды көздейді. 1,1 шақырым аумақта көгалдандыру, жарық тіректерін орнату, су бұру жүйелерін салу жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар, іргелес үйлердің қасбеттері жөнделіп, Райымбек батыр ескерткіші қалпына келтіріліп жатыр. Келесі жылы осы аумақта су айдынын қалыптастыру және қосымша көгалдандыру жоспарланған. Ерекше назар жүргіншілерге ыңғайлы тротуарлар, қауіпсіз жүргінші аймақтары және заманауи көркейту элементтерін жасауға бөлінуде.

Дархан Сатыбалды жұмыстың сапалы орындалуының маңызын атап өтіп, жобаның жайлы қалалық ортаның бірыңғай тұжырымдамасына сай болуы қажеттігін айтты. Жобаны жүзеге асыру жүргіншілер үшін қолайлы жағдай жасап, қаланың сыртқы келбетін жақсартуға, сондай-ақ тұрғындар мен қала қонақтары үшін тартымды, үйлесімді кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);