ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі медициналық алғашқы көмек нысанының...

Алматы әкімі медициналық алғашқы көмек нысанының дайындығын тексерді

Алматы 30.12.2025, 17:20 275
 Алматы әкімі медициналық алғашқы көмек нысанының дайындығын тексерді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Алматының Бостандық ауданында орналасқан №37 қалалық емханаға барып, нысанның жұмысын бастауға дайындығымен танысты, - деп хабарлайды...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Алматының Бостандық ауданында орналасқан №37 қалалық емханаға барып, нысанның жұмысын бастауға дайындығымен танысты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Емхана Гагарин даңғылында орналасқан және бір ауысымда 500 адамды қабылдауға есептелген. Медициналық мекеме медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің бірыңғай стандарттарына сәйкес келеді, заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген және қозғалысы шектеулі азаматтар үшін толық бейімделген.

Ғимаратта сәулелік диагностика бөлімі, хирургия және травматология кабинеттері, клиникалық-диагностикалық зертхана, эндоскопия бөлімі, 20 орынға арналған күндізгі стационар, әйелдер консультациясы, сондай-ақ профилактикалық және консультативтік-диагностикалық қызметтер орналасқан.

Аталған емхананың Қазақстанда алғашқы рет бірыңғай МСАК стандарты бойынша салынған нысан екені атап өтілді. Нысан мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бой көтерген. Оны пайдалануға беру қала халқы санының артуын ескере отырып, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Нысанды аралау қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды денсаулық сақтау саласында заманауи әрі жайлы жағдай жасау Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Қала әкімі инфрақұрылымды дамытумен қатар медициналық ұйымдарды білікті мамандармен толық қамтамасыз ету және жұмысты медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қойылатын белгіленген стандарттарға сай ұйымдастырудың маңыздылығын жеткізді.

Қазіргі уақытта Алматыда медициналық-санитарлық алғашқы көмекті 78 медициналық ұйым көрсетеді. Оның 41-і — мемлекеттік, 37-сі — жекеменшік. Тіркелген халық саны 2,3 миллионнан асады.

№37 қалалық емхананы ашу қаңтар айының ортасына жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.