AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі коммуналдық жәрмеңкелерді дамыту мәсе...

Алматы әкімі коммуналдық жәрмеңкелерді дамыту мәселеcіне арналған кеңес өткізді

Әлеумет 16.04.2026, 17:01 265 yakiya
Алматы әкімі коммуналдық жәрмеңкелерді дамыту мәселеcіне арналған кеңес өткізді

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды коммуналдық жәрмеңкелерді дамыту және жаңғырту мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиында қазіргі жағдай, жаңа нысандар салу жоспары, сондай-ақ халыққа өнімнің қолжетімділігін арттыру және кәсіпкерлер үшін қолайлы орта жасау жайы талқыланды.

Қалада заманауи жәрмеңкелердің бірыңғай тұжырымдамасы қалыптасып жатқаны атап өтілді. Бұл стандартталған дизайн енгізу, инфрақұрылымды жетілдіру және сауда үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба аясында аумағы 850 шаршы метрден асатын жаңа сауда алаңдарын ашу жоспарланған. Онда жабық және ашық павильондар, қоғамдық тамақтану орындары, автотұрақтар және көріктендірілген аумақ қарастырылады. Сондай-ақ, 150-ден астам отандық өндірушінің қатысуы қамтамасыз етіліп, әлеуметтік маңызы бар өнімдерді кең ассортиментте әрі қолжетімді бағамен ұсынуға мүмкіндік беріледі.

Кейбер жобаларды қаланың түрлі аудандарында, соның ішінде «Қазақфильм» шағынауданы мен Өтеген батыр көшесі бойында іске асыруға басымдық беріледі. Алдын ала есептеуге сәйкес, жәрмеңкелердің жаңа форматы тұрақты экономикалық модель қалыптастырып, жобаларды кеңейтуге жол ашады.

Қала әкімі құрылыс мерзімін сақтау мен санитарлық әрі құрылыс талаптарын қатаң орындау қажеттігін ерекше атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша жер телімдерін рәсімдеуді жеделдету, инвесторлармен жұмысты жүйелеу және коммуналдық жәрмеңкелерді басқару тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);