Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі «Керуен-Medicus» медициналық орталығы...

Алматы әкімі «Керуен-Medicus» медициналық орталығында болды

Әлеумет 23.03.2022, 08:00 1,821
Алматы әкімі «Керуен-Medicus» медициналық орталығында болды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Клиникада 200-ден жоғары білікті мамандар жұмыс істейді


Қала басшысы Бостандық ауданындағы міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша 18 мыңға жуық адамға қызмет көрсететін «Керуен-Medicus» медициналық орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Халыққа нейрохирургия, нейрореабилитация, урология және т.б. қызмет түрлері қолжетімді, сондай-ақ орталық босандыру, педиатрия, хирургия, маммология және т.б. бағыттар бойынша ақылы қызмет көрсетеді.


Клиникада 200-ден жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, мекеме заманауи жабдықтармен, атап айтқанда МРТ, компьютерлік томография, сәулелік диагностика және т.б. кабинеттермен жабдықталған.


Ерболат Досаев перзентханада болып, босанатын әйелді құттықтады. Орталық ашылған сәттен бастап (2008 ж.) оның қабырғасында 7,5 мыңға жуық бала дүниеге келді, 2022 жылдың басынан бастап 170 қыз бен ұл дүниеге келді.



Ұжыммен кездесу барысында Ерболат Досаев медициналық орталық қызметтерінің жоғары сапасын және денсаулық сақтау саласына жеке инвестициялаудың маңыздылығын атап өтті.



«Алдағы 3 жылда қаламыздың денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жаңғырту – менің жұмысымдағы басымдықтардың бірі. Өкінішке орай, соңғы жылдары бізде барлық заманауи стандарттарға сәйкес келетін бірде-бір жаңа көпбейінді аурухана пайда болған жоқ. Біз жағдайды өзгерте аламыз деп ойлаймын, бірақ бұл үшін уақыт қажет. Алдағы үш жылда жүйелі жұмыс жүргізу қажет», – деді қала басшысы. 



Қазіргі уақытта «Керуен-Medicus» медициналық орталығында анағұрлым талап етілетін бағыттардың бірі ретінде босандыру қызметтерін дамыту және кеңейту үшін жаңа корпустың құрылысы жүргізілуде. 40 төсектік перзентхана құрылысы хирургия, нейрохирургия, ортопедия, травматология және балалар хирургиясы сияқты бағыттар бойынша клиниканың мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.


Жаңа корпустың құрылысы аяқталғаннан кейін қосымша 150 жұмыс орны ашылады. Нысанды 2023 жылдың наурыз айында пайдалануға беру жоспарланған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медициналық орталық #әкім #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.