Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Каменский үстіртіндегі заңсыз құрылыс...

Алматы әкімі Каменский үстіртіндегі заңсыз құрылыс туралы айтты

Әлеумет 29.09.2022, 05:01 1,179
Алматы әкімі Каменский үстіртіндегі заңсыз құрылыс туралы айтты
Сурет: Orda.kz

Бұл жер 2014 жылы Талғар ауданынан қалаға жаңа аумақтар қосылған кезде берілген.


Мегаполис басшысы бұл жұмысты ерекше бақылауда ұстауға уәде берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Кездесуге келген тұрғын сұрағы:


2014 жылы Ж1-ге заңсыз берілген Каменский үстіртіндегі Р1 аймағын қайтару қажет. Осы кезге дейін құрылыс салушы гектарлаған алма бақтарын қиратты, көшкін жүрді. Қазір заңсыз құрылыс жүріп жатыр, жеке тұрғын үйдің орнына басқа құрылыс салынып жатыр. Бұл аумақта су да, кәріз жүйесі де жоқ. Сіздің тарапыңыздан қолдау күтеміз.



«Мен Каменский үстіртіндегі алма бақтарын кесу жағдайы туралы жеке тапсырма бердім. Қалалық прокуратура экология және қоршаған ортаны қорғау департаментімен бірлесіп, жұмыстар жүргізді. Көптеген жобалар негізінде біз құрылысты тоқтаттық, процестерді аяқтау үшін сотқа тиісті талаптар ұсынып, шағым түсірдік. Бұл 2014 жылы Алматы облысы Талғар ауданынан қалаға жаңа аумақтар қосылған кезде болғанын дұрыс атап өттіңіз. Дәл осындай Р1-ден Ж1-ге ауысқан жағдай басқа аудандарда да бар. Біз заңсыз құрылысты тоқтаттық. Жердің пайдалану мақсатын бұрынғыша ауыстыра салу оңай шаруа емес. Бұл дегеніңіз - бірнеше сот процестерінен кейін шешілуі мүмкін жағдай. Сол жылдары ондаған мың жер телімдері берілген. Көшкін қаупі жоғары аймақтарға қосымша зерттеулер жүргізіп, тиісті шағымдарды сотқа жібереміз. Біз бұл жұмысты ерекше бақылауда ұстаймыз», - деп жауап берді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.



 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#каменский #құрылыс #БАҚ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.