ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі жер қазу жұмыстарын аяқтап, жол сапас...

Алматы әкімі жер қазу жұмыстарын аяқтап, жол сапасына бақылау күшейтуді талап етті

Алматы 10.09.2025, 14:21 508
Алматы әкімі жер қазу жұмыстарын аяқтап, жол сапасына бақылау күшейтуді талап етті
Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басқармалар басшыларымен кеңес өткізіп, онда құрылыс жұмыстарының сапасы, абаттандыру, қыс маусымына дайындық және қала көшелеріндегі жол қазудың жай-күйі...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басқармалар басшыларымен кеңес өткізіп, онда құрылыс жұмыстарының сапасы, абаттандыру, қыс маусымына дайындық және қала көшелеріндегі жол қазудың жай-күйі талқылады.

Алматыда жыл басынан бері құрылыс нысандары 886 рет тексеріліп, 486 заңбұзушылық анықталды. Оларды жою үшін 390 нұсқама берілді. Бақылау қорытындысы бойынша 301 құрылыс лицензиясы жойылып, тағы 23-і тоқтатылды. Сапасыз жұмыс пен ережені бұзғаны үшін 58 мердігер ұйым, 7 техникалық қадағалау компаниясы және 43 жобалау фирмасы жауапқа тартылды.

Әкім заңсыз салынған нысандарға да назар аударды: сотқа 68 талап арыз, соның ішінде 35-і — сүруге жіберілді. 2025 жылы 33 нысан бұзылды.

Қазіргі таңда Алматыда 227 нысанда инженерлік желілер төсеу және жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде 200 нысан жыл соңына дейін аяқталуға тиіс. Алайда 21 нысан бойынша белгіленген мерзім бұзылуы ықтимал. Олардың қатарында «Алматы Су», «Алматы жылу желілері», «Алатау Жарық Компаниясы» және бірқатар аудан әкімдіктерінің жобалары бар.

Әкім ұзақ уақыт қазылып жатқан жерлердің тұрғындарға қолайсыздық туғызатынын айтып, траншеяларды қоршаусыз қалдыруға, көшелерді қоқыс пен топыраққа толтыруға және асфальтты сапасыз төсеуге болмайтынын қадап айтты. 

Сонымен қатар жолды орташа жөндеу кезінде асфальттың жұқа төселуі, жиектастардың дұрыс орнатылмауы және негізді тазаламай жабын төсеу сияқты кемшіліктер анықталған.

Қала құрылысы және сәулет басқармасы қаланың жоғарғы бөлігінде берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен құрылысқа рұқсаттар саны 35%-ға азайғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен тау бөктерінде құрылыс жүргізуге рұқсат беруге мораторий енгізілді. 10 қарашаға дейін Құрылыс ережелеріне өзгерістер енгізу аяқталады, ал 2026 жылы мамырға дейін Бас жоспар түзетіледі.

Қысқы маусымға 993 арнайы техника дайындалған, қосымша 66 жаңа машина сатып алу жоспарланған. Бүгінде 56 мың тонна қоспа дайындалды. 15 қазанға дейін бұл көрсеткіш 100%-ға жеткізіледі. Алғашқы қар ерітетін пункт іске қосылды, тағы екеуі биыл салынады.

Дархан Сатыбалды қазылған жолдарды қалпына келтіруге бақылауды күшейтуді, мердігерлерді жауапқа тартуды, әсіресе, «Алматы Су» және басқа коммуналдық қызметтердің жұмысына ерекше назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін бекітілген мерзімінен кешігіп жатқан нысандарды аяқтау, тау бөктеріндегі құрылысқа бақылауды күшейту, Бас жоспарды уақытылы түзету, қала қысқа толық дайын болуы үшін арнайы техника мен реагенттерді белгіленген мерзімде сатып алуды міндеттеді.

Әкім құрылыс пен абаттандыру сапасы тұрғындардың жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Жолды ұзақ уақыт қазып тастауға болмайды. Әрбір мердігер мен тапсырыс беруші жұмысына жауапты. Қала қысқы дайын болып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек», — деді әкім.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.