ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі «Желтоқсан» саябағын абаттандыру бойы...

Алматы әкімі «Желтоқсан» саябағын абаттандыру бойынша жұмыс барысын тексерді

Әлеумет 20.04.2022, 09:25 1,784
Алматы әкімі «Желтоқсан» саябағын абаттандыру бойынша жұмыс барысын тексерді
almaty-akshamy.kz
Алматы әкімі саябақтардың барынша жайлы болуын, өйткені мұнда қала тұрғындары демалатынын ескертті

Алматы әкімі саябақтардың барынша жайлы болуын, өйткені мұнда қала тұрғындары демалатынын ескертті


Қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданындағы «Желтоқсан» саябағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының аралық нәтижелерімен танысты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Объектіні пайдалануға беру мерзімі мердігер ұйым тарапынан кідірістерге байланысты бірнеше рет кейінге шегерілді. Компания барлық жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін аяқтауы тиіс.



Жоба саябақты абаттандыру мен көгалдандыруды, соның ішінде көлді тазартуды және ұзындығы 40 метр көпір салуды қарастырады. Бүгінде мердігер компания жұмыстардың бір бөлігін орындады – саябақ аумағында жаяу жүргінші жолдары салынды, орындықтар қойылды, жарық шамдары орнатылды және 3 мыңнан астам ағаш отырғызылды.


Тексеру барысында қала әкімі тротуар плиткаларын төсеу сапасын сынға алды. Барлық жаяу жүргіншілер жолында төселген тастар едәуір отырып қалған, аралары ажырап, жарықтар байқалады. Қала басшысы ағаш орындық кешендерінің бетін өңдеу технологиясына қатысты ескерту жасады – олардан бояу бүкіл нысанды пайдалануға бергенге дейін ескіріп, түсіп қалуы әбден мүмкін. Саябақ аумағын жарықпен толық қамтамасыз ету үшін Ерболат Досаев жаяу жүргіншілер жолының екі жағына да жарық шамдарын орнатуды тапсырды. Сондай-ақ, көгалдандыру кезінде дұрыс ағаш көшеттерін немесе қажет болған жағдайда көгалдарды таңдау үшін топырақтың ерекшеліктерін ескеру қажеттігі атап өтілді.



Алматы әкімі саябақтардың барынша жайлы болуын, өйткені мұнда қала тұрғындары демалатынын ескертті. Ол үшін әкімдік тиісті ақша қаражатын бөледі, олар нысаналы мақсат бойынша пайдаланылуы тиіс. Мердігер ұйымға өз қаржысы есебінен барлық ескертулерді жою және барлық талаптар мен технологиялық процестерді сақтай отырып, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды орындау тапсырылды.


Алматы әкіміне саябақты дамыту бойынша алдағы жоспарлар таныстырылды. Мамандар суы аз көлді тазартуға ниетті. Соңғы жылдары тоған қамысқа толып, түбі таязданып қалған, ал жағалауына құрылыс қоқыстары төгілген. Көлді тазарту жобасы аясында оны қалалық арық жүйесіне қосу жоспарлануда, Жарбұлақ өзенінен көлдің суын молайту мүмкіндігі қарастырылуда.



Саябақты реконструкциялау барысында жаяу жүргіншілер көпірі, балалар және спорт алаңдары салынып, шағын сәулет пішіндері орнатылады. Барлық жұмыстарды мердігер ұйым ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін аяқтауы тиіс. Ерболат Досаев саябақты абаттандыру және көгалдандыру жобасы аяқталғаннан кейін саябақты  жеке қабылдайтынын атап өтті.


Саябақ пайдаланылуға берілгеннен кейін, жақын маңдағы "Жас қанат", "Маяк тоғайы", "Колхозшы" және т.б. шағын аудандардың 20 мыңнан астам тұрғыны үшін жаңа демалыс әрі тартылыс орталығы болады деп күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,322 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.