ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі жасыл аймақтарды суару мен күтіп-бапт...

Алматы әкімі жасыл аймақтарды суару мен күтіп-баптауға бақылауды күшейтуді тапсырды

Алматы 09.07.2025, 09:35 602
Алматы әкімі жасыл аймақтарды суару мен күтіп-баптауға бақылауды күшейтуді тапсырды
Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды күзгі ағаш отырғызу, көшелерді санитарлық тазалау және қалалық ортаны абаттандырудың жаңа стандарттарын енгізу бойынша кеңес өткізді.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды күзгі ағаш отырғызу, көшелерді санитарлық тазалау және қалалық ортаны абаттандырудың жаңа стандарттарын енгізу бойынша кеңес өткізді.

Жоспарға сәйкес, күзгі кезеңде мегаполисте 53 мыңнан астам ағаш отырғызу көзделіп отыр, оның ішінде биіктігі 4-5 метр болатын 9,3 мың ірі ағаш бар. Сонымен қатар, кесілген ағаштың орнына 22 мыңнан астам тал егу және 356 мың бұтақтан тұратын буферлік жасыл аймақтар құру жоспарланған. Алатау, Наурызбай және Жетісу аудандарына ерекше назар аударылады. Жұмыстар автоматты суару жүйесін орнату жөніндегі бұрын әзірленген жоспарға (52 учаске, 290 км) және әзірленіп жатқан дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргізіледі. Қалалық тәлімбақ құруға дайындық жұмыстары жалғасып жатыр, жобалық жұмыстарды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
 
Көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді кешенді абаттандыру бағдарламасы ұсынылды. Бағдарламаның негізгі элементі ретінде скверлер, бульварлар, жаяу жүргіншілер көшелері мен шағын жасыл аймақтарды күтіп-ұстаумен орталықтандырылған түрде айналысатын «Жасыл Алматы» КММ-ін құру көзделіп отыр. Бағдарлама аясында абаттандыру мен көгалдандыру бойынша бірыңғай стандарттар енгізіледі.

Ландшафтық дизайнды дамытуға, көпжылдық өсімдіктер үлесін арттыруға, автоматты суару және жарықтандыру жүйелерін енгізуге, сондай-ақ, жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта құруға ерекше назар аударылады.

Сонымен бірге, санитарлық тазалаудың бірыңғай регламенті әзірленуде. Құжатта жұмыстардың сапасына қойылатын нақты талаптар, қолмен және техникамен тазалау көлемінің есебі, қызметкер санына қатысты нормативтер мен оларға ыңғайлы етіп бейімделген жаңартылған кесте қамтылады.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды күшейтуді тапсырды. Оның айтуынша, егер абаттандыруға ақша бөлінсе, онда ол бойынша нақты нәтиже болуға тиіс.

«Мердігерлер мен ведомстволық мекемелер жұмысты нақты атқаруы керек. Көп жерде суару жүйесі істемейді, жер телімі қызмет көрсетілетін аймақ ретінде тіркелгенімен, іс жүзінде күтім жасалмайды. Мұны түзеу қажет. Аудан әкімдіктері арқылы бөлінетін қаржы қатаң бақылауда болуға тиіс», – деді әкім.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.