Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Ерболат Досаев Түркияның Қазақстандағ...

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түркияның Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті

Әлеумет 15.04.2023, 14:04 1,102
Алматы әкімі Ерболат Досаев Түркияның Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті
Суретті түсірген - Д.Исаев

Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджудың Алматы қаласына алғашқы сапары кезінде экономикалық, сауда және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматы әкімі Ерболат Досаев атап өткендей, қазіргі уақытта қалада түрік капиталының қатысуымен бірқатар жобалар табысты жұмыс істеуде. TAV Airports холдингі Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалын салу бойынша жұмысты бастады, ол әуе айлағының өткізу қабілетін жылына 14 млн жолаушыға дейін екі есеге арттырады. Iskefe Holding халықаралық концерні желатин өндіретін зауыттың құрылысын жүргізуде. Celkonsan Stroy ЖШС металл тосқауыл қоршауларын, көпірлер мен жол топтарына арналған қоршауларды өндіру жобасын іске асыруда. Басқа да маңызды бірлескен жобалардың қатарына Nobel Pharmaceuticals фармацевтикалық өндірісі («Нобель АФФ» АҚ), панельдер, тоңазытқыш және мұздатқыш камералар шығаратын Akay Trade ЖШС, Orhun Medical ЖШС диагностикалау және емдеу үшін медициналық орталықтар желісі, т.б. кіреді.


Қала басшысының айтуынша, түрік кәсіпорындары ұзақ мерзімді жоспарлар құрып, өз қызметін кеңейту мүмкіндіктерін іздейді. Түркиядан капитал тарту қала экономикасының дамуына қуатты серпін береді.


Ең ірі инвестициялық жобалар Алматының индустриялық аймағында және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында іске асырылуда, онда компанияларға инженерлік инфрақұрылымға қолжетімділік берілді, бизнесті жүргізу үшін жеңілдікті жағдайлар енгізілген.



Түркия ең ірі 10 инвестордың қатарына кіреді: 2005 жылдан бастап шамамен 1,2 млрд АҚШ доллары тартылды (ҚР бойынша тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 4,6 млрд АҚШ долларын құрады). Қазақстанда түрік капиталы бар барлық кәсіпорындардың жартысынан көбі Алматыда орналасқан – 2302 (Қазақстанда – 4280). 2022 жылы Алматы қаласы мен Түркия Республикасы арасындағы тауар айналымы шамамен 1 млрд АҚШ долларын (977 млн АҚШ долларынан астам) құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға артық (2021 жылы – 596 млн).



Тараптар Алматы мен Түркия арасындағы ынтымақтастық біздің халықтарымыздың тығыз бауырластығына негізделген кеңейтілген стратегиялық әріптестік рухында дамып келе жатқанын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша серіктестікті одан әрі нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түркия #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.