AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы әкімі Ерболат Досаев ОҚКА-да болып, балалар...

Алматы әкімі Ерболат Досаев ОҚКА-да болып, балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы жаңа корпусының құрылыс барысын тексерді

Медицина 05.02.2022, 04:23 1,520
Алматы әкімі Ерболат Досаев ОҚКА-да болып, балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы жаңа корпусының құрылыс барысын тексерді
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Ауруханада 20 бейін бойынша 18 клиникалық бөлімше  бар


Алматы әкімі Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлерімен кездесіп, Телемедицина орталығы мен медициналық мекеме бөлімшелерінің жұмысымен танысты деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Ерболат Досаев аурухана қызметкерлеріне қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қызметтік борышын кәсіби атқарғаны үшін алғыс айтты.


Қызметкерлер жарақат алғандар мен зардап шеккендерге, әскери және азаматтық тұлғаларға бас сүйек-ми және атыс жарақаттары бар адамдарға көмек көрсетті.



Қаңтардың қайғылы оқиғалары кезінде клиникаға барлығы 300-ден астам зардап шеккендер жүгінді. Дәрігерлер 250-ден астам операция жасады. Көптеген пациенттерге олардың жағдайын тұрақтандыру және өмірге қауіп төндірмеу үшін алғашқы шұғыл ота жасалды.


Кездесу барысында қала басшысы қабылдау бөлімінің, ота залының, реанимация және офтальмологиялық бөлімшенің жұмысымен танысты.
Алматы әкімі балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жаңа корпусы құрылысының барысын бағалады. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.


Кездесу соңында Е. Досаев медициналық мекеме және Қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығымен  өзекті мәселелерді және одан әрі даму жоспарларын талқылады.


Анықтама үшін:


Орталық қалалық клиникалық аурухана – Алматы қаласындағы ең ірі көпбейінді стационарлардың бірі. Мұнда жалпы 655 төсек-орын қоры  бар. 
Ауруханада 20 бейін бойынша 18 клиникалық бөлімше  және 1224 негізгі қызметкер, оның ішінде 231 дәрігер және 451 мейірбике жұмыс істейді.


Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы – Алматы қаласы мен республиканың барлық тұрғындарына тәулік бойы білікті және жоғары мамандандырылған медициналық және диагностикалық шұғыл әрі жоспарлы көмек көрсететін ірі көпбейінді клиника. 


Қазіргі уақытта стационарда 275 төсек орын бар. Аурухананың жоғары білікті мамандары – 4 медицина ғылымдарының кандидаты, 43 дәрігердің жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Досаев #аурухана #дәрігер #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);