AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурыз мейрамына арнал...

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараларға қатысты

Әлеумет 21.03.2025, 13:28 895 Bakyt
Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараларға қатысты
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы Наурыз мейрамын кең ауқымда атап өтуде

Бүгін Алматы нағыз көктем мерекесінің орталығына айналды – қала Наурыз мейрамын ерекше сән-салтанатпен тойлауда. Мерекелік алаңдар мегаполистің түкпір-түкпірінде пайда болды, дәстүр бойынша басты концерт Астана алаңында өтуде. Таң сәріден бері мұнда шаттыққа толы атмосфера, ұлттық рух пен бірліктің айқын көрінісі сезіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев салтанатты шараға қатысып, жаңару, татулық пен береке символы – Наурыздың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, мерекеге Қазақстанның Еңбек Ері, халық артисі Асанәлі Әшімов, Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және көптеген зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Көрермендерге «Алматы – Наурыз құшағында» атты ауқымды концерт ұсынылды. Онда аңызға айналған өнер жұлдыздары: «Дос-Мұқасан» ансамблі, Майра Мұхамедқызы, Жанар Айжанова, Өмірқұл Айниязов, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Жазира Байырбекова, Игорь Благородный, Төлеген Рахымбаев, «КешYOU» тобы, Диная, AyaFunk және басқа да танымал өнерпаздар өнер көрсетті.

Мерекелік шаралар 23 наурызға дейін жалғасады. Күн сайын сағат 22:00-ге дейін қала қонақтары мен тұрғындары Juldyzdy Almaty фестивалі аясында жарқын концерттерді, театр қойылымдарын, ұлттық ойындарды, түрлі перформанстар мен қолөнер жәрмеңкелерін тамашалай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #думан #мереке #Алматы #Ерболат Досаев.
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);