Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының ат...

Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының атынан Бибігүл Төлегенованы 95 жылдығымен құттықтады

Әлеумет 16.12.2024, 20:06 1,141
Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының атынан Бибігүл Төлегенованы 95 жылдығымен құттықтады
Алматы қаласы әкімдігі

Аты аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегенова 95 жылдығын атап өтуде

16 желтоқсанда аты аңызға айналған опера әншісі, актриса, педагог Бибігүл Төлегенова туған күнін атап өтеді. Биыл КСРО халық әртісі, «Отан» орденінің иегері, Алматы қаласының Құрметті азаматы және академик 95 жасқа толып отыр.

Бибігүл Ахметқызын осындай айтулы күнмен құттықтауға Алматы әкімі Ерболат Досаев келді. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хатты оқыды. Хатта ұлттық мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан көрнекті өнер қайраткерінің еңбегі ерекше аталып өтілген.

«Ұзақ жылғы жемісті шығармашылық жолыңыз Сізді абырой биігіне көтерді. Еліміздің алтын қорына мол мұра қалдырдыңыз. Өнегелі де өнерлі шәкірттер тәрбиелеп шығардыңыз. Ерен еңбегіңіздің жоғары мемлекеттік наградалармен, мәртебелі атақтармен және айрықша сыйлықтармен аталып өтуі - зор мерей», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Өз кезегінде Бибігүл Ахметқызы жылы лебіздер үшін алғысын білдіріп, барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

21 желтоқсан күні сағат 15:00-де Республика Сарайында Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған салтанатты концерт өтеді. Бағдарламада Бибігүл Ахметқызының шығармашылығынан шабыт алған және өздері де жетекші жұлдызға айналған көрнекті әртістердің орындауындағы классикалық және қазақ музыкасының ұлы туындылары орындалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерболат Досаев #Бибігүл Төлегенова #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.