Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Ерболат Досаев жылыту маусымына дайын...

Алматы әкімі Ерболат Досаев жылыту маусымына дайындық барысымен танысты

Әлеумет 27.08.2022, 09:48 1,658
Алматы әкімі Ерболат Досаев жылыту маусымына дайындық барысымен танысты
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

Қала басшысы Ерболат Досаев жылу беру маусымына дайындық мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді


Жұмыс сапары барысында қала басшысы Ерболат Досаев қазандықтарда, ЖЭО-2-де болды және Алматы әкімдігі басқармалары мен коммуналдық кәсіпорындар басшыларының қатысуымен мегаполисті жылу беру маусымына дайындық мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Алғашқы обьект Бостандық ауданында орналасқан Оңтүстік аудандық қазандық болды. Ерболат Досаев 200 мың тұтынушыны қамти отырып, қаланың оңтүстік ауданында қазандық қуатын арттыруға және энергия тапшылығын жабуға мүмкіндік беретін ірі жылу магистралін қайта құру барысымен танысты.



Бүгінгі күні 4 қазандықтың 2 қазандығын ауыстыру және 1 қазандықты қайта құру бойынша жұмыстар орындалды. Қала әкімі желілік сорғылар мен №2 қазандық бойынша аяқталмаған жұмыстары жөнінде ескерту берді, энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жылу беру маусымы басталғанға дейін жұмыстарды аяқтауы қажет. Ерболат Досаев аудандағы жаңа тұрғын үй құрылысына байланысты қуаттылықтың артуымен Оңтүстік аудандық қазандықты кеңейтуді қарастыруды тапсырды.



Алматы әкіміне «Премьера» қазандығын кеңейту жұмыстарының барысы туралы баяндалды. Жоба 5 қазандық пен қосалқы жабдықты орнатумен жаңа ғимараттың құрылысын қарастырады. Қала басшысы жылу желілерін гидросынау және жөндеу жұмыстары бойынша барлық жұмыстарды ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіне дейін жүргізуді тапсырды. Жалпы, екі қазандықтағы құрылыс жұмыстарын келесі жылдың шілде айында аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде, қалада жылу энергиясының көлемі едәуір артады, ескі құбырларды ауыстыру ондаған жылдар бойы апат қаупін болдырмайды.



Жұмыс сапары барысында инженерлік желілердің тозығы жеткені айтылды, оның ішінде электрмен жабдықтау 65%-ға, жылумен жабдықтау 60%-ға, сумен жабдықтау 55,8%-ға және газбен жабдықтау 36%-ға тозып тұр. Дегенмен, инженерлік желілердің тозуын азайту бойынша барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Осы бағытта жыл сайын 20 шақырым жылумен жабдықтау, 80 шақырым электрмен жабдықтау, 15 шақырым сумен жабдықтау, 20 шақырым газбен жабдықтау желілері реконструкцияланады және жөнделеді.


Қала басшысы Ерболат Досаев бас тіреген қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды нысандардың бірі ЖЭО-2 болды. Жылыту маусымы қарсаңында кәсіпорында энергетикалық генерациялау жабдығына жөндеу жүргізілуде.



Нысандарды аралағаннан кейін Алматы әкімі көшпелі кеңес өткізіп, оның барысында тұрғын үйлердің, денсаулық сақтау және білім беру нысандарының жылыту маусымына дайындығы, сондай-ақ тұтынушылардың коммуналдық кәсіпорындар алдындағы дебиторлық қарызын бағалау туралы есептерді тыңдады. Қазіргі уақытта Алматыда коммуналдық қызметтер үшін қарыз сомасы 3,2 млрд теңгені құрайды. Негізгі борышкерлер жеке тұлғалар болып табылады.



Жалпы, алдағы жылыту маусымына дайындық белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Алматы әкімі Ерболат Досаев бұл жұмысқа тұрақты бақылауды қамтамасыз ету және бірінші кезекте 31 тамызға дейінгі мерзімде әлеуметтік нысандарды қысқа дайындауды аяқтау қажеттігін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жылыту #маусым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.