Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Ерболат Досаев халықаралық әуежай қыз...

Алматы әкімі Ерболат Досаев халықаралық әуежай қызметіне қатысты кеңес өткізді

Әлеумет 09.10.2024, 10:49 1,453
Алматы әкімі Ерболат Досаев халықаралық әуежай қызметіне қатысты кеңес өткізді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен TAV Airports Holding бас директоры Серкан Каптан Алматы халықаралық әуежайының ағымдағы мәселелері мен оны дамыту жоспарларын талқылады. Кеңесте жаңа халықаралық терминалдың іске қосылуынан кейінгі әуежайдағы мәселелер, сондай-ақ инфрақұрылымды жақсарту және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған шаралар қарастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кездесу барысында Ерболат Досаев жаңа терминалдың жоспарланған мерзімнен екі ай бұрын, яғни 2024 жылдың 1 маусымында ашылғанын, бұл жолаушылардың жайлылығын арттырып, қызмет көрсету деңгейін жақсартуға тиіс болғанын атап өтті. Алайда, ашылғаннан кейін терминалдың дренаж жүйесіндегі ақаулар, эскалаторлардың дұрыс жұмыс істемеуі, жүк беру кезінде кідірістер, қабырғадағы жарықтар және басқа да кемшіліктер анықталған.

Қала басшысы бұл кемшіліктер жолаушылардың наразылығын туғызғанын айтып, жағдайды түзету үшін қабылданған шараларды талқылауды ұсынды.

TAV Airports Holding бас директоры Серкан Каптан әуежайдың бірқатар қиындыққа тап болғанын, оларды шешу үшін кешенді тәсіл қажет екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа терминалдағы анықталған кемшіліктер толығымен жойылған. Қазіргі уақытта дренаж жүйесін қалпына келтіру және оны қалалық желілерге қосу жұмыстары аяқталып келеді. Сондай-ақ, ішкі терминалды қайта құру – тіркеу аймақтарын, күту залдарын және жүк беру аймақтарын кеңейту, телетраптарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Серкан Каптан жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған бірқатар жоспарларды да атап өтті. Олардың ішінде сол жақ ұшу-қону жолағын толық қайта құру, перрондарды және мұзға қарсы алаңды жаңарту, аэродром жабдықтарын жаңарту, дренаж жүйесіндегі мәселелерді шешу секілді шаралар бар.

Кеңесте көлік инфрақұрылымындағы түйткілдер де қаралды. Әуежайдағы автотұрақ орындары мен кіреберіс жолдардағы қиындықтар белгілі бір кедергілер туғызады. Қарбалас уақытта әуежайға кіру 45 минутқа дейін созылуы мүмкін, бұл қолданыстағы жол инфрақұрылымын қайта қарауды талап етеді. Қазіргі уақытта әуежайда 551 орындық 3 тұрақ аймағы ашылған. Бұл мәселені шешу үшін алдағы уақытта инвестор 1000 орындық көпқабатты автотұрақ салуды жоспарлап отыр.

Кездесу соңында тараптар Алматы халықаралық әуежайының сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін тығыз ынтымақтастыққа және қажетті іс-шараларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ерболат Досаев #TAV Airports Holding
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.