AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Ерболат Досаев Coursera жаһандық онла...

Алматы әкімі Ерболат Досаев Coursera жаһандық онлайн оқыту платформасының директоры Джефф Маджионкалдамен кездесті

Әлеумет 13.06.2023, 05:26 919
Алматы әкімі Ерболат Досаев Coursera жаһандық онлайн оқыту платформасының директоры Джефф Маджионкалдамен кездесті
Суретті түсірген - Д.Исаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Coursera директоры Джефф Мажионкалда қаланың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында онлайн-оқытудың жаһандық платформасын енгізу мақсатында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуге Қазақстандағы Coursera директоры Рауан Кенжеханұлы қатысты, сондай-ақ электрондық білім беру саласындағы Bilim Media Group және т. б. компанияларды таныстырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Ерболат Досаев атап өткендей, Алматы сервис пен технологияның ең ірі қаласы ретінде оқытудың заманауи құралдарын талап етеді. Жыл сайын техникалық және кәсіптік білім беру саласында қосымша база мен оқыту бағдарламаларын талап ететін жаңа мамандықтар пайда болуда. Бүгінде Алматы қаласында 85 техникалық-кәсіптік білім беретін ұйым жұмыс істейді, онда 80 мыңнан астам студент оқиды.


Өз кезегінде Джефф Маджионкалда Courserа цифрлық оқыту платформасы туралы айтты. Бұл – студенттер мен тәрбиешілерге әлемдік деңгейдегі университеттер мен компаниялардың онлайн курстарына қол жеткізуді ұсынатын жаһандық платформа. Coursera өз платформасында 118 миллионнан астам оқушыны біріктіретін ең ірі және беделді жаһандық білім беру экожүйелерінің бірі болып табылады.


Coursera бірыңғай пакетте қала колледждерінің студенттері мен оқытушылары үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі курстарға, сондай-ақ колледждерді college.smartnation.kz автоматтандыру платформасына және студенттерді жұмысқа орналастыратын beam.kz платформасына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, студенттерді онлайн-оқытуға кеңінен тарту туралы уағдаласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Досаев #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);