Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматының Қала құрылыс...

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматының Қала құрылысы кеңесін құру туралы қаулыға қол қойды

Әлеумет 19.08.2022, 11:01 1,803
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматының Қала құрылысы кеңесін құру туралы қаулыға қол қойды
almaty-akshamy.kz
Ағымдағы жылдың 30 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР «Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы» заңына, оның ішінде Қала құрылысы кеңесін құру туралы ережені қамтитын түзетулерге...

Ағымдағы жылдың 30 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР «Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы» заңына, оның ішінде Қала құрылысы кеңесін құру туралы ережені қамтитын түзетулерге қол қойды. Оның міндеті – қала құрылысы саясатын іске асыру кезінде шешімдер қабылдаудың тиімділігін арттыру және қаланың орнықты және теңгерімді дамуын қамтамасыз ету. Өзгерістер алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң, яғни 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


1 тамызда Алматы әкімі Е. Досаевқа қала құрылысы кеңесін құру жөніндегі құжаттардың жобасы ұсынылды және қаулыны, ережені әзірлеу және оның құрамын бекіту жөніндегі рәсімдер басталды. Бүгін, 19 тамызда, тиісті қаулыға қала әкімі қол қойды.


Құжат арқылы Алматы қаласы әкімдігі бекітетін 23 адамнан аспайтын кеңестің құрамы, сондай-ақ функциялары, өкілеттіктері, құрылымы мен жұмыс тәртібі бекітілді. Қала құрылысы кеңесінің мүшелері – сәулет, қала құрылысы, урбанистика, көлік, инклюзия, экология, креативті экономика, әлеуметтану, экономика және т.б. салалардағы сарапшылар. Сонымен қатар, кеңес отырыстарына қаралатын мәселелердің ерекшелігіне байланысты шақырылған өзге сарапшылар да қатыса алады.


Алматының Қала құрылысы кеңесі іске асыруға ұсынылатын қала құрылысы және сәулет жобалары бойынша шешімдерді ашық талқылау және қабылдау үшін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.



Қала құрылысы кеңесінің негізгі функциялары:


- қала аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында шешімдер қабылдау кезінде мемлекеттік саясатты іске асыруда жергілікті атқарушы органдарға жәрдемдесу;


- тұрғын үй, қоғамдық, коммуналдық-өндірістік және өнеркәсіптік кешендердің эскиздік және жұмыс жобалары, қоғамдық аумақтарды, саябақтарды, скверлерді, бақтарды, бульварларды, арнайы аймақтарды қайта құру жобалары, әртүрлі мақсаттағы жеке ғимараттар, инженерлік және көліктік инфрақұрылым желілері мен құрылыстары, өнер объектілері, тарих, сәулет мәдениеті ескерткіштері бойынша ұсынымдарды қарау және әзірлеу;


- әл-Фараби даңғылынан жоғары қала құрылысы және жалпы құрылыс жобаларын қарау;


- мәдени мақсаттағы объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жобаларды қарау;


-тұрғын үй қорын реновациялау бойынша жобаларды қарау.


Толығақ сілтеме арқылы танысаласз


Қала құрылысы кеңесінің құрамы (www.gov.kz)


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,466 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.