AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Е.Досаев Алмалы ауданының өзекті мәсе...

Алматы әкімі Е.Досаев Алмалы ауданының өзекті мәселелерімен және даму перспективаларымен танысты

Әлеумет 21.02.2022, 05:01 1,482
Алматы әкімі Е.Досаев Алмалы ауданының өзекті мәселелерімен және даму перспективаларымен танысты
almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының өзекиі мәселелерімен танысты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



Қала басшысы жұмыс сапарын қалалық ревматологиялық орталықты аралаудан бастады. Бұл - ревматологиялық аурулары бар науқастарға арналған елдегі жалғыз мамандандырылған медициналық мекеме.


Ауруханаға жату кезегінде еліміздің түкпір-түкпірінен 532 адам тұр. Өткен ғасырдың 40-шы жылдарында салынған орталық ғимаратының өзі кеңейту мен жөндеуді қажет етеді. Е.Досаев жайлы қалалық орта және жер қатынастары басқармаларына ғимаратты күрделі жөндеу қажеттілігі туралы мәселелерді пысықтауды, сондай-ақ бұрынғы ғимараттың орнына жаңа корпус салу бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.



Түркебаев көшесі, 93 мекенжайында орналасқан №144 мектепте оқушы орындарының тапшылығын жою үшін 300 балаға арналған корпустың құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылдың наурыз айында Брусиловский көшесі, 15 мекенжайындағы №34 гимназияда 550 орындық жаңа корпусты іске қосу жоспарлануда. Жайлы қалалық орта және білім беру басқармаларына «Орта және мектепке дейінгі білім беру объектілерін реновациялау» бағдарламасын қабылдау қажеттілігі мәселесін зерделеу тапсырылды.


Аралау барысында қала басшысы №2 Оқушылар үйіне барды. 1936 жылы салынған қаңқалы-қамысты құрылыс ғимараты апатты жағдайда тұр. Бүгінде үйірмелерге күн сайын 800-ден астам бала қатысады. Алматы әкімі жайлы қалалық орта, қалалық жоспарлау және урбанистика, білім басқармаларына қолданыстағы ғимараттың орнына жаңа ғимарат салу мәселесін қарастыруды тапсырды.



Ауданды аралау барысында Алматы әкімі Шевченко - Манас - Жамбыл - Байзақов көшелерінің шаршысындағы ескі үйлердің тұрғындарымен кездесті. Е.Досаев үйлер мен инженерлік желілердің жағдайына техникалық аудит жүргізуді тапсырды.


Жұмыс сапарының соңында есірткі қылмыстары мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «НаркоStop» әлеуметтік жобасының авторларымен және еріктілермен танысты. Пилоттық жоба 2021 жылдың қазан айында Алмалы ауданы әкімінің қолдауымен және Алматы қаласы полиция департаменті мен қоғам белсенділерінің қолдауымен іске қосылды. Қала әкімі қоғамдық даму басқармасына әлеуметтік бастамаға қолдау көрсетіп, мегаполистің басқа аудандары бойынша жобаны «көбейту» мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. 



Аралау қорытындысы бойынша қала басшысы Е.Досаев Алмалы ауданының әкімі Е.Сейтеновтің жұмысын мақұлдады және әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту және өзекті мәселелерді шешу бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);