ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі Dragon City-де тәртіп орнатуды талап...

Алматы әкімі Dragon City-де тәртіп орнатуды талап етті

Алматы 23.09.2025, 11:40 378
Алматы әкімі Dragon City-де тәртіп орнатуды талап етті
Алматы әкімдігі
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісу ауданындағы «Dragon City» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар жерасты тұрағын заңсыз қайта сату, қазандықтың...

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісу ауданындағы «Dragon City» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар жерасты тұрағын заңсыз қайта сату, қазандықтың жұмысы және жерасты үй-жайында трансформаторлы қосалқы станцияны  орналастыру сияқты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Тұрғындар бастапқы жоба бойынша пәтерлер паркингпен бірге сатылғанын айтты. Кейінірек шарттар өзгеріп, көлік орындарының құны 3-тен 10 миллион теңгеге дейін өскен, содан кейін үй-жайлар толығымен коммерцияға айналған. Тұрғындардың пікірінше, бұл бастапқыда ойластырылған сызба болған. 

Дархан Сатыбалды жауапты органдарға осындай шешімдердің қалай қабылданғанын, кім рұқсат беріп, құжаттарға кім қол қойғанын анықтауды тапсырды. Ол бұдан былай бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын айтты.

«Іс-қимыл алгоритмі Экономикалық тергеу департаментімен, прокуратура, ТЖ және басқа да қызметтермен бірлесіп әзірленетін болады. Қажет болса, трансформаторлық қосалқы станцияны ауыстырамыз. Ең бастысы - кешеннің 2 жарым мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігі мен өміріне төнетін кез келген қатердің алдын алу», - деді әкім.

Қала басшысы жылыту маусымында қазандыққа қызмет көрсетуді ведомстволық бағынысты ұйым өз мойнына алатынын атап өтті. Ол қыста үзіліссіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін, ал келесі жылы нысан бюджет есебінен жаңғыртылатынын айтты.

Әкім трансформаторлы қосалқы станцияны жерасты үй-жайына орналастыруға қатысты алдымен қауіпсіздік шараларын пысықтауды тапсырды. 

Тұрғындар абаттандыру мәселелерін де көтерді. Әкімнің тапсырмасы бойынша ауданда жол белгілері, «көрінбейтін полицейлер» және бейнебақылау камерасы орнатылады. Бұдан басқа, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тетігі арқылы балалар ойын алаңын салу мәселесі де қаралады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.