AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жылу беру маусымына...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Әлеумет 22.06.2026, 14:54 438
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен алдағы жылу беру маусымына қалалық инфрақұрылымды дайындау мәселесі бойынша кеңес өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиын барысында жылумен, электрмен, газбен және сумен жабдықтау нысандарының дайындығы, сондай-ақ тұрғын үй қоры мен әлеуметтік нысандардың алдағы қысқы кезеңге әзірлігі қаралды.

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, қалалық шаруашылықтың жылу беру маусымына жалпы дайындығы 50,5%. Барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда «АлЭС» АҚ нысандарының дайындығы – 52%, «АЖК» АҚ – 46%, «Алматы Су» МКК – 71%, «Алматыжылужайэнерго» ЖШС – 39%, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС – 38%, газ желілерінің дайындығы 57% болады.

Тұрғын үй қорын дайындау жайына ерекше назар аударылды. Алматыда 9 861 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 9 283-і орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған. 22 маусымдағы жағдай бойынша 984 тұрғын үй дайындық актісін алған. Жылыту жүйелерін шаю және қысыммен тексеру, сондай-ақ үйішілік инженерлік желілерді жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстар биылғы жылдың 10 қыркүйегіне дейін аяқталуға тиіс.

Сонымен қатар басқару органдары жоқ 230 көппәтерлі тұрғын үйдің жағдайы жеке қаралды. Оларды қысқы маусымға дайындау үшін аудан әкімдіктерімен бірлесіп жылыту жүйелерін шаю және қысыммен тексеру, сондай-ақ қажетті энергия үнемдеу шараларын жүргізу жоспарланған. Аталған жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Кеңес барысында коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу және инвестициялық бағдарламаларды іске асыру барысы туралы есебі тыңдалды. Атап айтқанда, биыл 20 шақырым жылу желісін қайта жаңғырту, 379 шақырым электр желісін жаңғырту, сондай-ақ жалпы ұзындығы 60 шақырымнан асатын су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңғырту жоспарланған.

Дархан Сатыбалды тұрғын үйлерді күзгі-қысқы кезеңге дайындау мәселесіне ерекше назар аударып, бұл жұмыстарға бақылауды күшейту жөнінде басқармалар мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар қала әкімі тұрғын үй қорымен қатар барлық әлеуметтік нысанның қысқы маусымға дайындығы мәселесін өзінің тұрақты бақылауында ұстайтынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жылу беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);