ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Shanghai Constructi...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Shanghai Construction Group» компаниясының басшылығымен кездесті

Алматы 07.11.2025, 15:57 367
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Shanghai Construction Group» компаниясының басшылығымен кездесті
Алматы әкімдігі
Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қытайдың ірі құрылыс корпорацияларының бірі – әлемнің көптеген елдерінде ауқымды инфрақұрылымдық және девелоперлік...

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қытайдың ірі құрылыс корпорацияларының бірі – әлемнің көптеген елдерінде ауқымды инфрақұрылымдық және девелоперлік жобаларды жүзеге асырып келе жатқан «Shanghai Construction Group» (SCG) басшыларымен кездесті. Қытай тарапынан делегацияны компанияның президент міндетін атқарушы Сюэ Юншэнь жетекшілік етті.

Келіссөз барысында тараптар қалалық ортаны кешенді дамыту, заманауи сәулеттік және мәдени нысандар салу, сондай-ақ Алматыда инновациялық және туристік кластерлер қалыптастыру бағытындағы ықпалдастық мүмкіндігін талқылады.

Дархан Сатыбалды Алматыда инфрақұрылымды жаңғырту және қолайлы, экологиялық әрі заманауи қалалық кеңістік құру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Әкім Shanghai Construction Group компаниясының әлемдік деңгейдегі жобаларды табысты жүзеге асыру тәжірибесіне жоғары баға беріп, бірлескен жұмыстың айтарлықтай әлеуеті бар екеніне сенім білдірді.

Кездесу барысында компанияның қала үшін басым бағыттардағы жобаларға қатысу мүмкіндігіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қоғамдық кеңістіктерді, мәдени-ойын-сауық және технологиялық орталықтарды дамыту, жаңа қалалық аумақтарды игеру және көлік инфрақұрылымын жетілдіру бағыттары қаралды.

Өз кезегінде Shanghai Construction Group басшылығы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытып, серіктестіктің нақты бағыттарын қарастыруға дайын екенін білдірді. Келіссөз нәтижесі бойынша тараптар Алматы қаласының қалалық және туристік инфрақұрылымын дамыту саласындағы бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға негіз болатын ынтымақтастық туралы меморандум жобасын дайындау жөнінде уағдаласты.

Анықтама үшін: Shanghai Construction Group (SCG) – 1994 жылы құрылған және Шанхай қаласының муниципалдық басқару жүйесіне кіретін Қытайдың жетекші мемлекеттік құрылыс корпорациясы. Компания 30-дан астам елде инфрақұрылым, тұрғын үй және коммерциялық нысандар, көпірлер, метрополитен желілері және мәдени кешендер салу жобаларын жүзеге асырады. SCG-дің әлемге танылған жобаларының қатарында Шанхай мұнарасы, «Шығыс інжу» телемұнарасы, Лупу көпірі және Xujiahui Center кешені бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,270 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.