AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жастармен кездесті

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жастармен кездесті

Барлығы 05.07.2025, 17:56 769 yakiya
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жастармен кездесті
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданындағы Жастар комьюнити-орталығына барып, жастармен емен-жарқын кездесу өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жүздесудің негізгі өзегі жұмыс табу, кәсіби даму, қалалық және экологиялық бастамаларға қатысу мәселелері болды.

Ашық диалог барысында белсенді жастар тың идеяларын бөлісті, ойға алған жобалары туралы айтып, жастарды қолдаудың жаңа форматтарын ұсынды. Олар сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді офлайн-курстарды іске қосу, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысу, жас мұғалімдер мен дәрігерлерді уақыт талабына сай өзекті soft skills-ке оқыту сынды мәселелерді көтерді.

Кездесу барысында алдағы 12 тамызда атап өтілетін Халықаралық жастар күніне дайындыққа ерекше назар аударылды. Алматыда жастарды әлеуметтік маңызы бар қызметке тартуға, олардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шара жоспарлануда.

Шаһар басшысы жастардың өз көзқарасын, азаматтық ұстанымын еркін танытуға және олардың қаланың дамуына өз үлесін қосуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін «жастар қатысатын бюджет» тетігін әзірлеуді тапсырды.

«Бүгінде Алматыда 700 мыңнан астам жас тұрады. Олардың әрқайсысының сапалы білімге, кәсіби және шығармашылық дамуына қол жеткізуін қамтамасыз ету, олардың әлеуетін іске асыру – біздің ортақ міндетіміз», – деп атап өтті Алматы әкімі Дархан Сатыбалды.

Қала басшысы кездесуде айтылған барлық ұсыныс мұқият қаралып, зерделеніп, мүмкіндігінше іске асырылатынын атап өтті. Жастардың дамуы үшін жағдай жасау – қала саясатының басым бағыттарының бірі.

Бүгінгі күні қалада 11 комьюнити-орталық жұмыс істейді. Онда жастар психологиялық және заң көмегінен бастап, кәсіптік бағдар алуға, тілдік курстар мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша консультацияларға дейін тегін қызмет алады. Аталған қауымдастықтар қаланың жас тұрғындарының мүмкіндігін, дарынын ашуға, кез-келген бастамаларын қолдауға дайын, есігі әрқашан ашық заманауи орталыққа айналып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);