ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азық-түлік бағасын т...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азық-түлік бағасын тұрақтандыру аясында жәрмеңкелер мен сауда желілерінің жұмысын тексерді

Әлеумет 09.11.2025, 17:06 331
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азық-түлік бағасын тұрақтандыру аясында жәрмеңкелер мен сауда желілерінің жұмысын тексерді
Алматы әкімдігі
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қазақфильм» шағынауданында өтетін демалыс...

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қазақфильм» шағынауданында өтетін демалыс күнгі жәрмеңкеге, сондай-ақ «Magnum Cash & Carry» сауда желісінің супермаркетіне барды.

Демалыс күнгі жәрмеңке әр сенбі және жексенбі күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін тұрақты түрде өткізіледі. Жәрмеңке аумағында 96 сауда орны жұмыс істейді. Саудаға Еңбекшіқазақ, Қарасай және Іле аудандарынан келген шаруа және фермерлік қожалықтар қатысады. Сапар барысында қала әкімі отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін жүйелі қолдаудың жалғасатынын атап өтті.

«Біздің міндет — тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ фермерлер үшін қолайлы жағдай жасау», — деді Дархан Сатыбалды жәрмеңке қатысушыларымен кездесу кезінде. 

Кәсіпкерлер жәрмеңкенің жұмысы тоқтап қалуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірді. Осыған орай әкім қазіргі уақытта жәрмеңке форматын одан әрі жаңғырту шаралары пысықталып жатқанын жеткізді. Бұл жобаға заманауи тәсілдер енгізуге, қызмет көрсету сапасын арттыруға және делдалдарды болдырмай, тек фермерлердің тікелей қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Одан кейін Дархан Сатыбалды «Magnum Cash & Carry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сауда желісіне барды. «Magnum» — Алматыдағы ең ірі бөлшек сауда желісі. Қалада 80 дүкен жұмыс істейді, олардың жалпы аумағы 180 мың шаршы метрден асады. «Magnum» желісінде Алматы бойынша 5,2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Сауда желісінің қызметін 1,5 миллион алматылық пайдаланады. 2019 жылдан бастап «Magnum Cash & Carry» әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағдарламасына белсенді қатысып келеді. Осы кезеңде желі төмендетілген бағамен 100 мың тоннадан астам өнім өткізді.

Қазіргі уақытта 10,4 мың тонна көкөніс сатып алу және өткізу бойынша форвардтық келісім, сондай-ақ 11 түрлі тауардың бағасын бекіту үшін айналым қарызы туралы келісім қолданыста. 2025 жылдың басынан бері бағдарламаның арқасында қазақстандықтар азық-түлік сатып алу кезінде 1,5 млрд теңге үнемдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.