AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданын арала...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданын аралады

Барлығы 11.11.2025, 19:49 485 Дина
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданын аралады
сурет: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданына жұмыс сапарымен барып, аулаларды көркейту, нарықты қайта жаңғырту және әлеуметтік медициналық нысан салу жобаларының жүзеге асу барысымен танысты.

Жұмыс сапары 10-шағынаудандағы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында көркейтілген скверден басталды. Аумағы 3,89 гектар болатын жобаны аудан тұрғындары ұсынған. Жұмыс барысында 4,5 мың шаршы метрден астам кеспе тас төселді, 8,5 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылды, 550 бұта және 30 ағаш отырғызылды. Сондай-ақ автосуару жүйесі, 83 жарықтандыру тірегі, 45 қоқыс жәшігі және 24 бейнебақылау камерасы орнатылды. Орындықтар мен ойын алаңдарының бір бөлігі қайта қалпына келтірілді.

Бұдан кейін қала әкімі 4-шағынауданда орналасқан «Сарыарқа» базарының қайта жаңғыртылу барысымен танысты. Жұмыс «Маркет Плаза» ЖШС-нің 1,5 млрд теңге жеке инвестициясы есебінен жүргізілуде. 2025 жылдың желтоқсанында аяқталуы жоспарланған жоба нәтижесінде 0,84 гектар аумақта заманауи сауда кешені ашылып, жұмыс орындарының саны 250-ге дейін артады.

Сапар барысында Дархан Сатыбалды №2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасына барды. Мұнда ескі корпус сүріліп, 67 төсек-орынға арналған жаңа ғимараттың құрылысы жоспарланған. Құрылыс-монтаж жұмысы 2025 жылдың қарашасында басталып, 2027 жылдың ақпанында аяқталуға тиіс.

«Денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Құрылыстың сапасы мен мерзімін қатаң сақтау маңызды», – деді қала әкімі.

Сапар соңында Дархан Сатыбалды Алтынсарин даңғылы, 1 мекенжайындағы көгалдандыру объектілерін және Қабдолов көшесі, 6 бойындағы көркейтілген аумақты қарады. Бұл нысандар да «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асқан және бүгінде толық аяқталған. Мұнда заманауи жарықтандыру, орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар ойын алаңдары мен бейнебақылау жүйелері орнатылған.

Қала әкімі жобаларды тұрғындар сұранысын ескере отырып жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар көркейтілген аумақтарды тиісті деңгейде күтіп ұстауды және қалада бірыңғай сәулеттік стильді сақтау – жасыл желек, көшедегі шағын архитектуралық нысандар және жарықтандыру элементтеріне дейін біріздендіруді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);