AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алғабас шағынауданы...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алғабас шағынауданы тұрғындарының өтінішін тыңдады

Барлығы 25.06.2025, 15:51 1,011
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алғабас шағынауданы тұрғындарының өтінішін тыңдады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданына жұмыс сапары барысында Алғабас шағынауданының тұрғындарымен кездесті.
Қала басшысы кездесуге келген барлық тұрғынның өтінішін тыңдады. 

Шағынаудан тұрғындары орталық кәріз жүйесіне қосылу, жарықтың жиі сөнуі, жол жөндеу жұмыстарының аяқталуы және ойын алаңдарының жоқтығы туралы мәселелерді көтерді.

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбақыт Серікбай баяндағандай, шағынауданда 19,9 шақырым су құбыры және 27,3 шақырым  кәріз желілерін тарту аяқталды. 

Жобаны жүзеге асыру 584 жеке үйді немесе 4 мыңға жуық адамды орталық желілермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Кәріз желілерін толық іске қосу үшін басқарма сорғы станциясын салып жатыр. Нысан келесі жылдың басында пайдалануға берілмек. 

Сондай-ақ, тұрғындарды электр жарығымен тұрақты қамтамасыз ету үшін 70 шақырым желі салынып, 31 трансформатор орнатылды. 

Қаланың мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев бүгінде шағынауданда 31 шақырым жолға асфальт төселгенін және қалған 900 шақырым жолда тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты. 

«Асфальттың жоғарғы қабатын төсеу және жол белгілерді орнату сияқты барлық жұмыс қыркүйекке дейін аяқталуға тиіс. Келесі жылдың басында сорғы станциясының құрылысы аяқталған соң барлық үй орталық кәріз жүйесіне қосылады. Біз қазір құрылыс мерзімін хаттамаға енгіздік, оның орындалуын жіті бақылауыма аламын», - деді Дархан Сатыбалды. 

Бұған қоса, қала басшысы Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаевқа шағынауданда санитарлық тазалықты күшейту, балалар алаңдарын салу мүмкіндігін қарастыру және инфрақұрылымдық нысандардың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етуді жүктеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #алғабас #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);