Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Чунчоннам-до провинциясының губернато...

Алматы әкімі Чунчоннам-до провинциясының губернаторымен кездесті

Әлеумет 03.05.2024, 10:12 874
Алматы әкімі Чунчоннам-до провинциясының губернаторымен кездесті
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Оңтүстік Кореяның Чунчоннам-до провинцитясының губернаторы Ким Тхе Хыммен кездескен Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақстан-Корей қатынастары стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейінде екенін атап өтті.


Алматы әкімі Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасындағы жетекші шетелдік инвесторлардың бірі болып табылатынын атап өтті. 2005 жылдан бері шамамен 9,5 млрд. АҚШ доллары тартылған. Алматы мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымы қарқынды өсуде. 2023 жылы бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 21% - ға артып, (2022 ж. - 1,05 млрд. АҚШ) 1,27 млрд. АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.



Алматыда Оңтүстік Корея капиталының қатысуымен 537 кәсіпорын жұмыс істейді (Қазақстанда - 735). Корей бизнесі Samsung, KIA, Hyundai, LG, SsangYong, Lotte және т.б. сияқты ірі компаниялар арқылын кеңінен ұсынылуда.


Өз кезегінде Ким Тхэ Хым Ерболат Досаевқа қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, қазақ және корей халықтары арасындағы терең тарихи байланыстарды атап өтті. Ким Тхэ Хым этникалық корейлердің Қазақстанға қоныс аударуының қиын кезеңінде отандастарына көрсетілген қолдауды атап өтіп, одан әрі әріптестікті нығайтуға үміт білдірді.


Ол сондай-ақ Чунчоннам-до провинциясы Оңтүстік Корея экономикасы дамуының локомотиві екенін, экспорт көлемі бойынша үшінші, сауда балансы мен ЖӨӨ бойынша екінші орында тұрғанын хабарлады. Бүгінгі таңда провинцияда электроника, косметика, азық-түлік тауарлары, ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы өндірісі дамыған.



Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін зор әлеуетті атап өтті. Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды, оның ішінде туризм, білім беру және жастарды қолдау салаларын ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкім #кездесу #бизнес #стратегия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.