AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі білім сапасы мен балалардың қауіпсізд...

Алматы әкімі білім сапасы мен балалардың қауіпсіздігі жөнінде мемлекеттік мектеп директорларымен кеңес өткізді

Алматы Бүгін 10:02 49 yakiya
Алматы әкімі білім сапасы мен балалардың қауіпсіздігі жөнінде мемлекеттік мектеп директорларымен кеңес өткізді
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мемлекеттік мектептердің басшыларымен кеңес өткізіп, орта білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйі, білім сапасын арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаржылық тәртіпті сақтау және білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық мәселесін қарады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Алматы – еліміздің ғылым мен білім орталығы. Білім беру жүйесінің алдында оқыту сапасын арттыру, тәртіпті нығайту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша маңызды міндеттер тұр», – деді Дархан Сатыбалды.

Қалада 360 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 357 мыңнан астам оқушы білім алады. Білім беру үдерісін шамамен 30 мың педагог қамтамасыз етеді. 2026 жылы білім саласын дамытуға 434 млрд теңге бөлінген, бұл қала бюджетінің 15,4%-ы.

Кеңесте білім сапасын арттыру негізгі міндеттердің бірі ретінде қаралды. 2025-2026 оқу жылының төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша Алматыдағы білім сапасының көрсеткіші 66% болды. Сонымен қатар қала әкімі ірі мегаполистің білім беру жүйесі жоғары талаптарға сай болуға тиіс екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігін айтты.

Білім сапасы төмен мектептерге ерекше назар аударылды. Білім басқармасына артта қалу себептеріне кешенді талдау жүргізіп, нәтижені жақсарту бойынша жеке жоспар әзірлеу және қабылданған шаралардың тиімділігіне тұрақты мониторинг жүргізу тапсырылды.

Инфрақұрылымды дамыту мәселесі де талқыланды. Қазіргі уақытта қалада шамамен 30 мың оқушы орны жетіспейді. Қажеттілік картасы аясында 2030 жылға дейін жалпы сыйымдылығы 105 мыңнан астам орын болатын 69 мектеп салу жоспарланған. 2025 жылы 40 мың орындық 37 білім беру нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа мектептер бар.

Қала әкімі мектептердің санитарлық және техникалық жағдайына бақылауды күшейтіп, анықталған кемшіліктерді уақытылы жоюды тапсырды.

Кеңесте балалардың қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Алматыда мемлекеттік мектептерде бейнебақылау жүйесін, дабыл батырмасын, кіруді бақылау жүйесін және өзге де қауіпсіздік құралдарын қамтитын кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізілген.

Дархан Сатыбалды тәрбие жұмысын күшейту, тәуекел тобына жататын балаларды ерте анықтау және білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар қаржылық тәртіп жайы да қаралды. Шаһар басшысы мектеп директорлары бюджет қаражатының заңды әрі тиімді жұмсалуына дербес жауапты екенін айтты. Тексеру қорытындысы бойынша ішкі бақылауды күшейтіп, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу тапсырылды.

Жазғы кезең мен жаңа оқу жылына дайындық мәселесіне де баса назар аударылды. Биыл 293 мыңға жуық оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр. Сонымен қатар 159 мемлекеттік мектепте жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Кеңес қорытындысы бойынша Білім басқармасына қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету, білім сапасы, балалардың қауіпсіздігі, мектептердің дайындығы және білім беру саласында «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау мәселесін тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп директорлары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – Қазақстанның берік негізі

Бүгін 12:15

«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде

Бүгін 11:07

Алматы дәрігерлері 9-қабаттан құлаған қыздың өмірін сақтап қалды

Бүгін 11:02

Елімізге биыл 3 миллион турист келген

Бүгін 09:30

Қазақстан құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласында өтіп жатқан триатлоннан Азия чемпионатында үшінші медалін жеңіп алды

Бүгін 09:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);