AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев метрополитеннің қ...

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев метрополитеннің құрылыс барысымен танысты

Әлеумет 15.10.2021, 03:48 1,267
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев  метрополитеннің құрылыс барысымен танысты
almaty-akshamy.kz

Алматы метросының екі жаңа бекеті іске қосылғанда жолаушылар ағыны күніне 86 мың адамға дейін өсетін болады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz




 



Екінші іске қосу кешені аралық тоннельдерден және қазіргі кезде әрлеу жұмыстары жүріп жатқан «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» екі бекетінен тұрады. Метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегінің екінші іске қосу кешені учаскесінің трассасы Абай даңғылының астында, Алтынсарин даңғылынан Яссауи көшесіне дейін батыс бағытта орналасқан. Құрылыс ұзындығы екі жолды бағытта 3,08 км құрайды. 



Екінші іске қосу кешенінің жалпы дайындығы 91%-ды құрайды. Бүгінде темір-бетон конструкцияларының құрылысы, аралық тоннельдерді қазу аяқталды, сәулет-әрлеу жұмыстары, жолдың жоғарғы құрылысы аяқталып қалды. Қалған жұмыстарға инженерлік желілерді төсеу және жабдықты іске қосу кіреді. 
 
Бүгінде орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 30 мың адамды құрайды. Мамандардың есептеуі көрсеткендей, екінші іске қосу кешені пайдалануға берілген соң орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 86 мың адамға жететін болады. Бұл Абай даңғылындағы көлік қозғалысын едәуір жеңілдетуге және мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтарының мобилділігін арттыруға мүмкіндік береді. 



«Сарыарқа» бекеті – терең төсемді, пилон типті. Вестибюльден, екі кіру тобынан тұрады. 2 лифт, 8 эскалатор орнатылды. Ол «Фэмили» саябағының жанына, 3-8, 12 шағынаудандар бар, яғни қаланың ең тығыз елді мекендерінің бірінде орналасқан. 




«Бауыржан Момышұлы» бекеті – ұсақ қаланған, колонна типті. Екі жерасты вестибюлінен, алты кіру тобынан тұрады. 6 лифт, 15 эскалатор қарастырылған. Абай даңғылының жүріс бөлігінің астында, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Бекет Жетісу, Жетісу-2, Жетісу-4, Мамыр, Мамыр-5, Мамыр-7 шағын аудандарын қамтиды. 




Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жыл соңына дейін станциялардың техникалық іске қосылуын қамтамасыз ету үшін құрылыс-әрлеу жұмыстарын жоғары қарқынмен жүргізуді тапсырды. Ол үшінші іске қосу кешені құрылысының барысын бағалады. 



Метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегінің үшінші іске қосу кешені учаскесінің трассасы құрылысы жүріп жатқан Абай даңғылының астында, Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейін батыс бағытта орналасқан. Ұзындығы 2,5 км қос жолды бағыттағы аралық тоннельдерден және ұсақ төселген «Қалқаман» бекетінен тұрады. Құрылысты келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Есептік жолаушылар ағыны күніне шамамен 93 мың адамды құрайтын болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #метро #Сағынтаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);