ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Әуезов ауданында 4 жаңа қоғамдық кеңі...

Алматы әкімі Әуезов ауданында 4 жаңа қоғамдық кеңістіктің салынатынын айтты

Әлеумет 03.04.2025, 10:44 664
Алматы әкімі Әуезов ауданында 4 жаңа қоғамдық кеңістіктің салынатынын айтты
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Сайранды көркейту, 4 жаңа қоғамдық кеңістік құру, 141 аулаға жөндеу жүргізу: Әуезов ауданы қалай өзгеруде

Сайранды көркейту, 4 жаңа қоғамдық кеңістік құру, 141 аулаға жөндеу жүргізу: Әуезов ауданы қалай өзгеруде

2025 жылдың маусым айында Алматының Әуезов ауданында төрт жаңа қоғамдық кеңістіктің құрылысы аяқталады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

«2025 жылдың маусым айында 4 қоғамдық кеңістікті көркейту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз: Ақсай-4 және 12-шағын аудандарындағы скверлер, Мамыр-4 және Жетісу-3 шағын аудандарындағы жаяу жүргіншілер аймақтары. Бұл жобалар аясында жаңа балалар және спорт алаңдары, көше жиһаздары, демалысқа арналған күркелер орнатылып, жарықтандыру жаңартылады және жасыл желектер егіледі», – деді Алматы әкімі.

Көріктендірудің негізгі жобаларының бірі – Әуезов ауданын да қамтитын Сайран көлін жаңарту жұмыстары.

«2024 жылдың соңында негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды, ал биылғы мамыр айында жобаның соңғы кезеңі тәмамдалады. Сайран көлі қала тұрғындары мен қонақтары үшін ең тартымды демалыс орындарының біріне айналады деп сенемін», – деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, Өтеген батыр және Жұбанов көшелері «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша көркейтіліп, көгалдандырылуда. Бұл көшелерде демалыс пен спортқа арналған жайлы аймақтар жасалып, бейнебақылау камералары, шамдар, қоқыс жәшіктері мен балалар ойын алаңдары орнатылады. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер мен автотұрақ аймақтары көріктендіріледі. Жобаны 2025 жылдың қазанына дейін аяқтау жоспарланған.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. 2024 жылы жалпы сомасы 2,8 млрд теңге болатын 57 жоба іске асырылды. 2025 жылы 30 жобаны жүзеге асыру үшін қала бюджетінен 2 млрд теңге бөлінді. Тұрғындардан түскен 727 өтінімнің ішінен дауыс беру нәтижесінде 30 жоба таңдалды, оның 20-сы қоғамдық кеңістіктерді көркейтуге, ал 10-ы аулаларды жөндеуге бағытталған.

Сонымен қатар, Әуезов ауданында аулаларды күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. 2024 жылы жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге 23 аулаға күрделі жөндеу жүргізілді, ал 115 аулада 470 млн теңге көлемінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. 2025 жылдың мамыр айында тағы 23 ауланы күрделі жөндеумен және 118 ауланы ағымдағы жөндеумен қамту жоспарланып отыр, ал бұл жұмыстар 2025 жылдың қыркүйегінде аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.