ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі «АТП» АЭА-дағы өнеркәсіптік жобаларме...

Алматы әкімі «АТП» АЭА-дағы өнеркәсіптік жобалармен танысты

Алматы 09.07.2025, 15:41 610
Алматы әкімі «АТП» АЭА-дағы өнеркәсіптік жобалармен танысты
Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында («АТП» АЭА) орналасқан кәсіпорындарды аралап, өндірістік әлеуетімен танысты. Бұл...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында («АТП» АЭА) орналасқан кәсіпорындарды аралап, өндірістік әлеуетімен танысты. Бұл кәсіпорындар электроника, телекоммуникация және медициналық жабдықтар өндірісіне бағытталған. 

Бүгінде АЭА аумағында 60-тан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Олардың қатарында өндірісті жергіліктендіру деңгейі жоғары, экспорттық әлеуеті бар компаниялар да бар. Қала басшылығына аймақтың негізгі даму көрсеткіштері мен жоспар таныстырылды.

Алғаш таныстырылған нысан жылу, су, электр қуаты мен газды есептеуге арналған құрылғылар шығаратын NERO компаниялар тобы болды. Кәсіпорын 1600 шаршы метр аумақта орналасқан. Жалпы инвестиция көлемі 1,5 млрд теңге. Мұнда 65 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Компанияның өнімдері республика көлемінде кең қолданылады. Атап айтқанда, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ және Шымкент қаласындағы «Қуат Жылу Орталық – 3» мекемесімен бірлескен жобаларда пайдаланылады. 

Кейін шаһар басшысы XFinity Solutions компаниясының тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл кәсіпорын 2024 жылы әлемге танымал Acer брендінің компьютерлік техникаларын жергілікті жерде құрастыру ісін қолға алған. Жылына 100 мың дана техника шығара алады. Қазір 70 адам жұмыс істейді. Мұнда Microsoft бағдарламаларымен жабдықталған ноутбуктер, моноблоктар мен жүйелік блоктар жасалады. Компания XFinity Group халықаралық холдингінің құрамына кіреді, ТМД мен Орталық Азия нарығында сәтті жұмыс істеп келеді.

Сапар аясындағы келесі нысан 2024 жылдың қараша айынан бастап телекоммуникациялық құрылғылар – коммутаторлар, модемдер, IP-телефондар мен теледидар приставкаларын өндіре бастаған SMART ALATAU зауыты. Мұнда 60 қызметкер еңбек етіп жатыр. Жылдық қуаты – 300 мың дана өнім шығару. 

Сапар соңында әкім Juldyz Kenan Co., LTD компаниясына барды. Кәсіпорын катетер мен зондтан бастап, бетперде, сондай-ақ, педиатрия және хирургияға арналған өнімге дейін әртүрлі медициналық бұйымдар шығарады. 2025 жылы ақпан айында іске қосылған зауыт жылына 10 миллион дана өнім өндіреді. Жобаның инвестиция көлемі 2,1 млрд теңге. Мұнда 120 адам нәпақасын айырып жүр. 

Сапар қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды жоғары технологиялы және импорт алмастыратын өндірістерді дамыту, экспорттық бағыттағы кәсіпорындарды қолдау, сондай-ақ, жаңа, сапалы жұмыс орындарын ашу әкімдік жұмысының басты басымдықтарының бірі екенін айтты. 

Сонымен қатар ол аяқталмаған құрылыс нысандарына техникалық аудит жүргізіп, олардың болашағына қатысты нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Ұсыныста іске асыру мерзімі мен инвестиция тарту мүмкіндіктері де көрініс табуға тиіс.

«Қазіргі жағдайға талдау жасау маңызды. Кім белсенді жұмыс істеп жатыр, кім әлі де тоқтап тұр, ал кім жер телімін алғанымен, құрылыс жұмыстарын бастамаған. Осының бәрі нақты, әділ бағалануы қажет. Қабылданатын шешімдер тиімділікке негізделуге тиіс», – деді Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ, ол Алматыда сұранысқа ие отандық тауар өндірушілерді қолдаудың маңызын атап, инвестиция тарту мен қосылған құны жоғары өндірістік аймақтарды дамыту бағытында жүйелі жұмыс істеуге дайын екенін білдірді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.