Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі АҚШ Сауда Палатасының өкілімен кездес...

Алматы әкімі АҚШ Сауда Палатасының өкілімен кездесті

Әлеумет 05.06.2023, 08:48 911
Алматы әкімі АҚШ Сауда Палатасының өкілімен кездесті
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен АҚШ Сауда Палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия істері жөніндегі аға вице-президенті Куш Чокси экономикалық байланыстарды нығайту және қаланың бизнес-экожүйесін дамыту мақсатында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуге АҚШ-тың Алматы қаласындағы бас консулы Кэролин Севидж, Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің бас атқарушы директоры Дженнифер Милл, іскер топтардың өкілдері (Chevron, Valmont Irrigation, Coca Cola, Mastercard, Borusan Caterpillar, Honeywell Kazakhstan) қатысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматы республиканың ірі қаласы және қаржы орталығы ретінде Қазақстан мен Құрама Штаттары арасындағы сауда мен инвестицияларды ілгерілетуде маңызды рөл атқарады.Қалада 128 бірлескен кәсіпорын және 399 американдық компания тіркелген (барлығы ҚР-да – 695). Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 21,7%-ға ұлғайып, 805,7 млн долларды құрады.



Ерболат Досаев атап өткендей, Алматы инвестициялық сенімділік деңгейі жөніндегі позициясын сақтайды. Мегаполистің инвестициялық тартымдылығын 2022 жылғы желтоқсанда Fitch Ratings агенттігі "тұрақты" болжамымен «ВВВ» деңгейінде расталды. Қаланың үлесіне ел ЖІӨ-нің бестен бір бөлігі (2022 жылы 18,5%) және Қазақстан Республикасы бюджетінің барлық кірістерінің төрттен бірінен астамы тиесілі. Шағын және орта кәсіпорындар қала экономикасының шамамен 60%-ды құрайды және оның өсуінің негізгі қозғаушы күші болып табылады. Алматының инфрақұрылымын дамыту және логистикалық мүмкіндіктері өңірлік байланыстарды, сауда маршруттары мен көлік желілерін нығайтуға ықпал етуі мүмкін.


Өз кезегінде Куш Чокси мырза өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге дайын екенін білдірді. АҚШ Сауда палатасы 3 миллионнан астам компанияны, жекелеген штаттар мен муниципалитеттердің 3 мыңға жуық сауда палаталарын, 830 қауымдастықты және шет елдердегі 111 американдық Сауда палаталарын біріктіреді. Қазақстанда АҚШ Сауда палатасының құрылымдық бірлігі Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесі (USKZBC) болып табылады, оның құрамында 26 мүше бар.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту, инвестициялар тарту және Алматы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту туралы уағдаласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.