AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі апатты жағдайдағы ағаштарды кесу ере...

Алматы әкімі апатты жағдайдағы ағаштарды кесу ережесін түсіндірді

Әлеумет 13.03.2025, 10:39 801
Алматы әкімі  апатты жағдайдағы ағаштарды кесу ережесін түсіндірді
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында апатты жағдайдағы ағаштарды кесу ережесін түсіндірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Қала тұрғындарына ағаштарды кесу мен алып тастау мәселесі әрдайым көп сұрақ туғызатынын түсіндіргім келеді. Біреулер қолдайды, біреулер қарсы. Сондықтан біз осындай шаралардың не үшін қабылданғанын барлығы түсінуі үшін егжей-тегжейлі зерттеу жүргіземіз. Әкімдік сау ағаштарды кесіп жатыр деген теріс пікірлер де болды. Мұның барлығы жаңа Ережеде ескерілді. Мен өткен жылдан бері түскен өтініштерді бірінші кезекте қарастыруды сұрадым. Жер кепкен бойда жұмыстар басталады», – деді Ерболат Досаев. 

Қала басшысының тапсырмасымен кездесуде тұрғынның апатты жағдайдағы ағаштарды кесу мәселесіне қатысты өтініші наурыз айының соңына дейін орындалады. Жалпы, биыл аудан бойынша 2 мың апатты жағдайдағы ағашты кесу жоспарланған.

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында қаладағы қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру қарқынды жалғасуда. 2030 жылға дейін 2,5 миллион жасыл желек отырғызу бойынша Жол картасы бекітілген.

Биылдан бастап Алматы әкімдігі ағаш отырғызуда ірі көлемді көшеттерді жаппай қолданатын болады. Осылайша, 4 метрден 6 метрден жоғары 27 мың көшет отырғызу жоспарланған.

Көріктендіру шарасының маңызды кезеңінің бірі – Қарасу шағын ауданындағы скверге ірі көлемді ағаштар отырғызу болды. Мұнда биіктігі 6 метрлік қарағайлар пайда болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ағаш #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);