AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі Алатау ауданының тұрғындарымен кездес...

Алматы әкімі Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті

Барлығы 02.09.2025, 20:43 741
Алматы әкімі Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Алатау ауданының Рахат-Мәдениет және Алғабас шағынаудандарына барып, тұрғындармен кездесіп, инженерлік және жол инфрақұрылымы мәселелерін талқылады.

Рахат-Мәдениет шағынауданында Алатау ауданы әкімі аппаратының тапсырысымен «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС мердігер ұйымы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Жоба аясында жалпы ұзындығы 131 шақырым инженерлік желі салу қарастырылған, оның ішінде 69 шақырым су құбыры және 61 шақырым кәріз желісі. Бүгінгі күні 101 шақырым (53,7 шақырым су құбыры және 47 шақырым кәріз желісі) тартылды. Жұмыстарды 2025 жылдың қарашасында аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы шағынауданды тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта 13 трансформаторлық қосалқы станса мен 1 қосалқы тарату стансасы орнатылуда. Биылғы жылы 5 қосалқы станса іске қосылады. Нәтижесінде орталық желілерге 2 882 абонент қосылып, шамамен 14 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады.

Әкім барлық жұмыстарды жеделдетуді, сондай-ақ басты көшелер мен мектеп маңына уақытша асфальт төсеуді тапсырды. Толық асфальттау келесі жылға жоспарланған. Сондай-ақ тар көшелерде біржақты қозғалыс енгізу, 5 автобус аялдамасын орнату және жол құрылысы аяқталғаннан кейін жаңа қоғамдық көлік бағыттарын іске қосу жөнінде тапсырмалар берілді.

Алғабас шағынауданында инженерлік желілер құрылысы 2024 жылы аяқталды. Биыл қала мобильділігі басқармасы жол салу жобасын жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда 31,9 шақырым асфальтбетон жабыны төселді. Қыркүйек айының соңына дейін 1 368 жол белгісін орнату жоспарланған.

Сонымен қатар, шағынауданды электр қуатымен қамту жұмыстары жүргізілуде. Жаңа электр желілері мен жарық бағаналары орнатылып жатыр. Оның ішінде көше жарығын толық іске қосу жұмыстары да бар. Барлық жұмыстарды осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкімдік #Алатау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);