ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Алатау ауданында әлеуметтік маңызы ба...

Алматы әкімі Алатау ауданында әлеуметтік маңызы бар жобалардың іске асырылу барысымен танысты

Әлеумет 30.05.2025, 11:44 587
Алматы әкімі Алатау ауданында әлеуметтік маңызы бар жобалардың іске асырылу барысымен танысты
Алматы қаласы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданында жұмыс сапарымен болды. Қала әкімі Қарасу шағын ауданындағы сквердің, Боралдай, Рахат-Мәдениет шағын аудандарындағы тарату желілерінің, Ақбұлақ шағын...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданында жұмыс сапарымен болды. Қала әкімі Қарасу шағын ауданындағы сквердің, Боралдай, Рахат-Мәдениет шағын аудандарындағы тарату желілерінің, Ақбұлақ шағын ауданындағы жайлы мектептің құрылысымен, сондай-ақ Момышұлы көшесіндегі жасыл аймақтың абаттандырылуымен танысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алғашқы барған нысан  Қарасу өзені  жанындағы алаңы 12 мың шаршы метр болатын сквер болды. Жоба аясында көгалдандыру, амфитеатрды, арық өткелін, арт-нысандарды орнату, сондай-ақ автоматты суару және жарықтандыру жүйелері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алатау ауданының әкімі Талғат Майлыбаев баяндағандай, абаттандыру жобасын іске асыру кезінде табиғи рельефті сақтауға және жағалау аймағының экологиялық жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылды. Мұнда баспалдақтар,парапеттер, орындықтар мен урналар орнату жоспарлануда. Жұмыстардың аяқталуы ағымдағы жылдың шілдесіне жоспарланған.

Жұмыс сапары аясында Дархан Сатыбалды «Боралдай» және «Рахат-Мәдениет» шағын аудандарындағы су құбыры мен кәріздің тарату желілері құрылысының барысымен танысты. Осы жобалар бойынша жұмыстар бекітілген кестелерге сәйкес орындалуда.   Жоба бойынша «Боралдайда» 4 мыңға жуық тұрғынды қамтитын 76 шақырымнан астам инженерлік желілерді салу қарастырылған. Құрылыс - монтаж жұмыстарын аяқтау 2025 жылдың қараша айына жоспарланған. «Рахат-Мәдениетте» жобаны іске асыру нәтижесінде (жоспарланған күні - ағымдағы жылғы 10 желтоқсан) ауданның 14 мыңнан астам тұрғыны орталықтандырылған сумен және кәрізбен қамтамасыз етілетін болады. Мұнда тұрғындардың өтініші бойынша ойын алаңы пайда болады.

Қала әкімі жұмыс сапары барысында тағы бір жерде – Ақбұлақ шағын ауданындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 1500 орындық жаңа мектеп құрылысында болды. Нысан бұзылған №154 мектептің орнына  2024 жылдың қыркүйегінен бастап  салынуда. Бүгінде  жұмыстың 90%-ы аяқталды. Мектептің ашылуы жаңа оқу жылының басталуына жоспарланған.

Нысанға барған кезде Дархан Сатыбалды орындалған жұмыстар сапасындағы кемшіліктерді көрсетіп, сыртқы абаттандыруды, сондай-ақ мектеп ішіндегі әрлеу жұмыстарын жақсартуды тапсырды.

Сондай-ақ, қала әкіміне  Момышұлы көшесі бойындағы алаңы 4,5 мың шаршы метр болатын жасыл аймақты абаттандыру жобасы  көрсетілді. Жобада көгалдандырылған, тротуар плиткалары, кіші сәулет пішіндері, арт- нысандар орнатылған әрі жарықтандырылған жайлы қоғамдық кеңістік жасау қарастырылған. Демалыс және сыныптан тыс жұмыстарға арналған аймақтарды ұйымдастыру жоспарлануда. Жұмыстардың аяқталуы осы жылдың маусым айына жоспарланған. Әкімнің тапсырмасы бойынша барлық жұмыстар бірыңғай дизайн-кодқа сәйкес болуы тиіс.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды барлық басталған жобалар аяқталатынын атап өтті және олардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Қала әкімі жаңа және қарқынды дамып келе жатқан шағын аудандарда жайлы қоғамдық кеңістіктерді құру, оларды абаттандыру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және заманауи мектептер салу Алматы әкімдігі жұмысының басым бағыттары екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.